Праймеризге іріктеу барысында жұмысын тиянақты істейтін жастар көптеп келсе, партия үшін жақсы болар еді. Қазіргі жастар алға ұмтылады, прогрессивті ойлайды. Сондықтан бұл бастама Қазақстан дамуы үшін өте маңызды.
Жастарды праймериз арқылы саясатқа тартпасақ, жастар әр түрлі радикалды діни ағымдардың да жетегінде кету қаупі бар. Бұл бастама көптеген қауіп-қатерлердің алдын алады.
Мықты көшбасшыларды анықтау барысында праймеризге жастарды көбірек тарту керек. өйткені жаңа буын толқындары елдің дамуына өз ұсыныстары мен өзгерістерін енгізеді.
Праймериз Nur Otan партиясының халықтық партия екенін көрсететін шара деп білеміз. Партияішілік іріктеу жұмыстары арқылы Парламент Мәжілісіне, облыстық, жергілікті мәслихаттарға елдің сөзін айта алатын, халықтың ойынан шығатын мықты азаматтар барады деп кәміл сенемін.
Қазақстанның партия тарихында тұңғыш рет праймериз жүзеге аспақ. Бұл еліміз үшін айрықша оқиға. Праймериз арқылы халықтың шынайы ықыласына бөленген, беделі мен сөзінің салмағы бар азаматтар келеді деп сенемін.
Праймеризге іріктеу барысында жұмысын тиянақты істейтін жастар көптеп келсе, партия үшін жақсы болар еді. Қазіргі жастар алға ұмтылады, прогрессивті ойлайды. Сондықтан бұл бастама Қазақстан дамуы үшін өте маңызды.
халықтың билікке деген сенімін қайтару үшін бірінші кезекте билік халыққа ашық болуы керек. «nur otan» партиясы сол ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс. сондықтан да праймеризге қатысамын. праймеризді әділдік тұрғысынан жақсы технология деп қабылдап отырмын.
Қазақстандағы өзгеріс «Nur Otan» партиясының өзінің ішінен басталу керек және ол өзгерісті бастау үшін қарапайым елдің ішінде болып жатқан мәселелерді естуіміз тиіс. Праймериз соған себепкер болады деп сенеміз
Волонтеры герои, они на добровольной основе помогли такому большому количеству народу. Помогали в любую погоду и при любом расстоянии, которое они иногда даже преодолевали пешком
Егер, реформалар тек жоғарыдан төменге түсетін болса, көріп отырмыз талай елдердегі кейбір әдемі реформалар жоққа шығып отыр. Қалай болғанда да бұл екі жақты үдеріс билік жағынанда халық жағынанда осындай екіжақты мүдделестік пайда болу керек. Праймериз осы мүдделестікті қамтамасыз етудің жолы деп ұққанымыз дұрыс.
Праймериздің басты шарты – бұл дебат. Дебаттың өткізілуі маңызды. Өйткені кез-келген кандидат елдегі немесе аймақтағы көкейкесті мәселелерді шешу жолдарын ұтымды көрсететін болса, ол кандидат лайықты болады және сол кандидаттың саяси карьерасының қалыптасуына жол ашылады.
Қазақтың да төл дәстүрінен праймериз нышандарын көруге болады. Би-шешендер ең алдымен елді-жерді аралап, сол жердегі көкейкесті мәселелерді көтеріп, осылайша болыс болсын немесе билікке тікелей араласуға мүмкіндік алған.