Праймериз Nur Otan партиясының ашықтығын көрсетіп, оның көшбасшылығын растады. Сонымен қатар, партия ішіндегі сайлау қоғамда үлкен қызығушылық тудырды деп айтуға болады.
Праймериздің ерекше екпін бергені рас, жастардың мұндай мүмкіндіктерді жібермесі анық, егерде осы мәнерде көрініс орын таба берсе еліміздің болашағы жарқын болары анық
«Nur Otan» партиясы – мемлекеттілігіміздің мызғымауын, еліміздің өсіп өркендеуін қамтамасыз етуге де бірден бір қауһарлы саяси күш. Мұны праймериз нәтижелері анық көрсетті.
Праймериз қоғамда ерекше қызығушылық танытып, саяси дода өз деңгейінде өтті деп есептеймін. Халық үніне құлақ асатын мемлекет бағдарламасы аясында халықтың пікірін ескеріп, елдегі мәселелерді шешуге барынша тырысып жатқандарыңыз көрініп тұр.
Сыртта тұрып сыпыра сынап, тамашалағаннан, топқа кіріп қатысқан дұрыс екен. Праймериздің кемшіліктері де аз емес. Кандидат ретінде жіберген ағаттықтарымды түртіп алдым. Ендігіде қателікке бой алдырмас үшін.
Жастар үшін үлкен тәжірибе бола білді деп ойлаймын. Праймериз үлкен жетістіктерге, бастамаларға жол ашады. Халық сеніммен қараған бұл доданың жеңімпаздарына алдағы уақытта сәттілік тілеймін!
Праймериз еліміз үшін үлкен бастамалар алып келетін өте оңды жасалған бастау деп түсінемін. Осындай жаңашыл бағытта партияішілік сайлау ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізген партияға алғыс айтамын! Қаншама үміткерлерге керемет мүмкіндік беріп, саяси додада тәжирібе алмасуға сеп болдыңыздар. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ететін нағыз патриоттар аман болсын!