Жыл соңындағы жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызды құрауы мүмкін. Биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндіктер бар. Барлық әлеуетті, жұмыс орындарын құруды, осы тұста бірқатар мемлкеттік бағдарламалар іске асуда.
Үкіметтің жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге баса назар аударып, экономиканы қалпына келтіру жөніндегі қабылдаған шаралары осы жылдың шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандырады деуге негіз бар.
Қазақстан Президентіне жақында құрылған этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен қолданбалы этносаяси зерттеулер институты алдында тұрған міндеттер туралы хабардар етілді.
Сондай-ақ, тұрғындармен кері байланысты күшейту, мемлекеттік ақпаратқа тапсырыс беру тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік медиа ресурстарды оңтайландыру мәселелері көтерілді.