Нұр Отан партиясы сайлауалды бағдарламасы уақытылы жүзеге асырылып,сайлаушылардың сенімінен шығып,тұрғындардың әл-ауқатын, ел экономикасын көтеруге қызмет атқарады деп сенеміз.
Партиялық тізімге енгізілгендер негізінен жаңа тұлғалар.Әсіресе жастардың үлесінің артуы қуанышты. Бұл алдағы депутаттық корпустың жұмысына жаңашылдық әкеліп, еліміздің дамуына оңды ықпал етеді деп сенеміз.
Партияішілік праймериз алғаш өткізіліп жатқан шара. Нәтижесінен қоғамға пайдалы белсенділер шығады деп күтеміз. Бітпеген істі жоққа жығару кім кімге де жарасымды іс емес. Елге жанымыз ашыса үлес қосайық ағайын.
Биылғы жылы партияластар арасындағы алғаш өткізілгелі отырған ішкі партиялық іріктеу көптеген елге қызмет жасаймын деген белсенді азаматтарға беріліп отырған улкен мүмкіндік. Осы жауапты шараны өткізуде жергілікті жерлерде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ең бастысы ішкі партиялық іріктеудің ашық жариялы жүргізіліп, оған тек партия мүшелері ғана емес, партия жақтастарының да қатысуына мүмкіндік берілуі қоғамды демократияландырудың үздік үлгісі деп білемін. Сондықтан да алдағы уақытта партия қатарында халық сенім артар белсенді, жұмыс атқаратын, қоғамға жанашырлар қатары көбейетініне сенеміз.