«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында үш ауысымды оқытуды болдырмау үшін барлық облыстарда жаңа мектеп құрылысын жоспарлап отырғаны қандай жақсы.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл шаруашылығын дамыту үшін Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт және су қоймасын салу керемет жоспар, іске ассын деп тілеймін.
«Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді, жалпы жұртшылықтың пікірлерін ескере отырып, түрлі бастамалар мен заң жобаларын онлайн-талқылау мүмкіндігін көздейді.