Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан, қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн деп айтып отырған Тоқаев мырзаның нағыз тілдің жанашыры екені анық.
Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл екені бәрімізге мәлім, сондықтан да қазақ тілін мемлекеттік қызметтегі барлық кісілер толықтай білуі шарт осыны қатаң қолға алу керек деп ойлаймын.
Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Нұр-Отан партиясының сайлауалды бағдарламасының тиімділігі жоғары болады деген ойдамын, себебі партияның сайлауалды бағдарламасы еліміздің әрбір өңіріне арналып жасалды.