Бұл Қошқар Ата экологиялық проблемасын шешпейді, тек көз бояушылық дер едім.
Бұрында айтқанмын, тағы қайталаймын- бұл улы көл- құм төгіп, су сеуіп, сексеуіл отырғызып проблема шешілмейді.
Дәл осындай проек дұрыс емес. Себебі, Совет дәуірін айтпағанда Егемендігімізді алғаннан бері 30 жыл ішінде осы жұмысқа қазынадан миллиарттаған қаржы бөлінген. Көріп отырсыздар, мәселе шешілген жоқ. Керісінше улы көлге төккен құм желмен Ақтау, Ақшұқыр, С.Шапағат ауылдарын ластауда, ол жерге малда жайылуда. Егер жер асты суымен теңізге қосылса бүкіл облыс өңірі экологиялық апат аймағына айналатынын тиісті министрлік неге түсінбейді, таңым бар.
Бұл проблеманы түбегейлі шешудің меніңше тек бір ғана жолы бар, ол:
Біріншіден, Жапония, Корея немесе Европа мамандарына улы көлдің құрамын қайта зерттету керек. Себебі, білуімше Совет заманында, сосын беріректе Ленинградтан мамандар келіп зерттегендей болған, қорытындысы күмәнді. Жергілікті жұрттың айтуына қарағанда был көл радияцияға толы, сол себепті улы деп аталады.
Екінші: Құм төгіп, су сеппей, сексеуіл екпей көлді бүкіл улы заттан біржола тазалаған жөн. Оныда жоғарыда аталған алыс шетелдіктерге тапсырған дұрыс. Себебі, ащы шындығы сол, біздің және Ресейдің мамандарының қолынан келмейді.
Басқа жолын көріп тұрған жоқпын.
Арал сияқты Каспиденде айрылатын болдық, Үкімет қайда қарап отырсыңдар? Сендердің бос сөздерің кімге керек, қашан әрекет етесіңдер?
"Таз таранғанша той тарайды"-деген мақал бар. Сендер бірдеңе қыламыз дегенше теңізде сарқылып бітеді-ау сірә.
Атырау-Астрахан жолын Атырау антикор, прокуратурасы емес, басқа республикалық органдар тексеру керек. Атыраулықтар бұрын тексерсе қайда қалды?
Осы тексерістен кейін бұл жол дұрыс салынбаса соңғы тексергендердің барлығын жауапқа тарту керек. Әйтпесе шыдам таусылды.
Бұл жасап жатқандарың дұрыс емес. Бұл радияциялы улы көлдің үстіне құм төккеннен ешбір пайда жоқ. Біріншіден: көлді толық құммен жаба алмайсыңдар, Екіншіден: бұл радияциялы құмды жел ұшырып, қасындағы Ақтау, Ақшұқыр, Сайын елді мекендеріне жеткізіп халықтың денсаулығына зиян келтіреді. Үшіншіден: Ең маңыздысы- улы көлдің проблемасы шешілмейді, бұл көз бояушылық. Яғни, мемлекет қаржысын тиімді пайдаланбау деген сөз.
Осы улы көлдің проблемасы сонау Совет заманынан бері шешілмей келеді. Сол кезден бастап жыл сайын бюджеттен миллиарттаған қаржы бөлініп келетінін ескерсек, осы қаржыларға бұл улы көл проблемасы емес, өңірдің басқа да көптеген проблемаларын шешуге болатын еді. Бірақ, баяғы жартас, сол жартас- сол проблема.
Мамандар осыны неге түсінбейді?! Мүмкін бұл кейбір арам пиғылдыларға тиімді табыс көзі шығар? Сонда өлкенің, сол жердің тұрғындарының жағдайын кім ойлайды?
Бұл проблеманы түбегейлі шешетін тек бір ғана жолы бар. Ол үшін ең алдымен қазіргі жасалып жатқан жұмысты тоқтатып, қалған қаржыны болашақ жасалатын жұмысқа сақтау керек.
Жергілікті мамандардың айтуына қарағанда бұл көлде Менделеев таблицасындағы көптеген бағалы және улы элементтер бар көрінеді. Осылардың барлығын алып, толық тазаламай проблема шешілмейді. Ал бұл шаруа біздің және Ресейдің мамандарының қолынан келмейді, ащы шындық болсада оны мойындауымыз керек. Сондықтан Европадан немесе Жапониядан арнайы мамандарды шақырып, улы көлді тазалауды соларға тапсыру керек.
Бұл әрине, жергілікті биліктің қолынан келмейді. Сондықтан Үкімет, экология министрлігі- ұсынысымды талдап көріңдер, дұрыс сияқты.
Бұл әкім қолын қусырып қарап отырған жоқ, қалай болғанда да қала тазалығы үшін қолынан келгенін жасап тырысуда. Осындай жұмыскер әкімдер көп болса екен.
Оқуға грант бөлу деген масқараны тоқтату керек. Бұл халықтың қаржысын далаға шашып, сапасыз оқу орындарын қаржыландырумен тең.
Білімі болса бала оқысын, егер білімі жоқ болса оны неге сүйрелейміз.
Жалпы, еліміздегі 90 пайыз жоғары оқу орындарын жауып, орта кәсіби оқу орындарын көбейтсе ғана жағдай түзеледі.
Айналайын, құтты болсын! Әліде Еліңді қуанта беретініңе сенемін. Сені өмірге әкеліп тәрбиелеген әке-шешеңе, үнемі тілеуіңді тілеп отырған Атаңа рахмет.
Президент мырза, латынның тіпті керегі жоқ, латынға өтпейміз деп кесіп айтатын кез келді. Латынға өту кем дегенде 50 жылға тағыда кері кетумен бір. Осыны халыққа түсіндіру керек.
Еліміздегі дін саласындағы теріс ағымдарға батыл, ашық қарсы шыққан осы Лама Шариф болатын. Өкінішке орай, сол кезде оған жұмыс істетпеді.
Жалпы, бұл азамат өте сауатты, ақылды адамға ұқсайды, айтарыда көп сияқты. Ағайын, егер мәнді болса тек тыңдай білейік.
Здесь виноваты все, в первый очередь руководства авиакомпании- их надо привлекать к уголовной ответсвенности.
Со стороны КГА отсутсвует должного контроля, обычно констатирует нарушении после трагедии. Департамент по расследованию наверно сами не может расследовать авиакрушении, годами ждёт сомнительные результаты расследовании МАК.