Егер олар біздің тілімізге құрметпен қарап, тілімізді үйренуге тырысып жүрсе әрине ешқандай конфликт болмайды. Қазақ халқы татулықты сүйетін халық, өте қонақжай, өзі аш отырсада үйіне келген қонақты аш жібермеген, Қуғын-сүргін заманда қаншама ұлтты бауырына басып, үйіне кіргізген.
Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне дей отырып, әр ұлттың өз тіліне, жеріне және халқына деген ешқандай сезімге ұқсамайтын, жүрегіңді тебірентер бір ыстық махаббаты болады емес пе?Қазақ тілін білмейтіндерді үйренуге, білетіндерді сөйлеуге және де құрметтеуге шақырамын. Өте әдемі тіліміз бар, неге сөйлемеске?
Мұны статистикасызда байқауға болады, бәріміз қоғам мүшесіміз, қоғамдық орындарда көп жүреміз, байқаймызғой, есітеміз, көреміз, қазақ тілінде сөйлейтін адамдар бұрынғыға қарағанда көбейген, бұл бір жағынан мектеп бағдарламаларынада байланысты деп ойлаймын, демек мектепте қазақ тілін жақсы үйрететін болған және ауыды аймақтардан қалаға көптеп адамдар келіп жатыр, ауылдағылардың көпшілігі қазақ тілінде сөйлейдіғой
Дұрыс айтасыз, бағасы ең маңызды емес, ең бастысы мына короновирустан аман алып қалса болғаны, елдер и так кредитке болмайтын айфондда алып, 500-600 адамға той жасап, құтырып жүретін еді, енді денсаулығынан аямайтын шығар. Оның үстіне әлеуметтік жағдайы төмен немесе тағыда басқа санаттағы тұлғаларға мемлекет тегін вакцина салуға, қандайда жеңілдіктер жасйтынын айтқан болатын, сондықтан бұл мәселе шешімін табатын мәселе
Егре сатып алған жағдайдада ұтылмаймыз деп ойлаймын, короновирустың екінші толқыны басталып кетті, жұқтырып жатқандар саны күн санап қайта көбеюде, бізге вакцина артықтық қылмайды, сапалы вакцина тем более
Мемлекет басшысы сот жүйесін реформалау саласында айтарлықтай ілгерілеу болу үшін судьялардың кәсібилігіне, сот төрелігі мен сот ісін басқарудың сапасына негізделген түбегейлі жаңа тәсілдерге бет бұру керек деп санайды.Бұл шешімін бізде қолдаймыз. Сот жүйесі үнемі жаңартуларды, өзгертулерді талап ететін жүйе.
«Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасының алғы шарты – дұрыс әрі әділ шешім шығаратын сот жүйесін қалыптастыру. Бұл ретте елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету жұмыстары жыл санап жетілдіріліп келеді. Қара қылды қақ жаратын әділ сот төрелігін жолға қою мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.