Четко описаны все ключевые моменты за три десятилетия и перечислены неоспоримые факты развития нашего государства, а также все чего мы достигли, дальше больше как говориться, президент выделил главные вопросы по которым нужно дальше развивать нашу страну
Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» - деп бекер айтпаған ғой.
Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауыда сонда жатыр. Қазақ тілі - ұлтымыздың жаны
Жастардың білім алуы мен іс бастауына қаншалықты мүмкіндігі көп болса, ол соншалықты нық болатыны анық. Әрине барша жасты сапалы білім беру жүйесі, қолжетімді жоғары білім, қолына диплом алған жас мамандарды жұмыспен қамту, жас отбасыларды тұрғын үй мәселесі сияқты сұрақтар толғандырады. Бүгінде әр жас азамат қоғамда өз орнын тауып кету үшін тырмысып жүргенінің куәсіміз.
Бүгінгі Қазақстан республикасының шегіндегі барлық Жер – қазақ халқының жекеменшігі болып табылады. Қазақ халқының жекеменшігі. Даласы мен тауы, орманы мен құмы, жазирасы мен шөлі, өзені мен көлі. Үстіндегі барлық игілік, астындағы барлық қазына. Түгелдей қазаққа тиесілі.
Жер ешкімге сатылмайды, шетелдіктерге жалға берілмейді және ешкім қол сұға алмайды! Ата бабамыздан қалған жерімізді ешкім жаулап сатып ала алмас қазақ елі тірі кезінде
Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Жеріміз сатылмайды да сатылмағанда ешкімге!!!
Туған жер - әрбір адам баласы үшін оны өткенімен және болашағымен байланыстыратын киелі мекен. Туған жер алтын бесігіміз, Қазақстанымыз одан әрі көркейіп, гүлдене берсін!
Қазақ тілінің қайығы кері қарай жүріп бара жатыр дей алмаспыз. Даму бар. Алға жылжу байқалады. Ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Дегенмен ана тіліміздің адымдап дамуына өзіміздің де кері әсер беріп жататын кездеріміз бар. Қазақтың қазақпен қазақша сөйлесуі мұң.
Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени - әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақстан Республикасы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдаған бірден-бір мемлекет. Қазақ тілі - түркі тілдері ішіндегі сөздік қоры ең үлкен тіл ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең таза тілдердің бірі.