Қорға қаражат жақсылап аударыла бастады. Билікте те ауыс-түйіс болып жатыр. Мектертегі бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтана бастады. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Осылай жақсы жаққа қарай өзгеріс көп бола берсе екен.
Тоқаев ақша аудармай үнсіз отырған ірі кәсіркерлерді сынға алып еді. Дұрыс болды. Халықтан алғандарын халыққа қайтарса керемет болар еді. Табыстың 1-2 пайызын бөлу оларға ештеңе емес шығар, ал қаншама қарапайым адамдар пайдасын көре алар еді. Ең бастысы - қаржының дұрыс бағытта жұмсалғанын қадағалау керек.
Бұл қорға жиналған қаражат алдымен созылмалы дерттері барларға жұмсалса екен. Пандемия кезінде бәрі коронавирусты емдеуге назар аударып, жүрегі ауыратындар, диабеттер және басқа да созылмалы ауруы барлар өмірден озып кетіп жатты. Ондай жағдай қайталанбаса екен.
Сырдарияны сақтап қалу туралы қаншама құжатқа қой қойылған шекералас елдер арасында. Өкінішке қарай, құжаттар құжат күйінде қалып, іс жүзінде түк істелген жоқ. Осы өзенді өзек етіп отырған қаншама тұрғынға обал болады өзен тартылып қалса!
ТРЦ-дағы күзетшілер келіп жатқан халықтың қайсы бірін тексереді. Шығармайтындарың жоқ-ей! Онда қайтадан қоғамдық орындардың бәрін жабу керек шығар әділдік орнау үшін!
Бензин бағасының, құрал-саймандардың қымбаттауы такси бағасының шарықтауына себеп болмауы керек. Соңғы уақытта қисынға келмейтін бағаны көп байқап жүрмін. Халықтың қамын ойлайтын біреу бар ма өзі?!
Баға арзандауы үшін бәсекелестер көп болуы керек. Ал біздің елде бұл салада бәсекелестік жоқ, сол себепті таксистердің өздері клиентпен дөрекі сөйлесіп, тіпті подъезд алдына дейін әкелмей қоятын кездері болады. Тексеріп, бағаның шарықтап кетпеуі қадағаланса жақсы болар еді.
Астанадағы туысым баласын үйірмеге таксимен апарып келеді. Ол жақтың қысын білесіздер. Автобус күтіп тұрмай такси шақырады. Екі аялдамалық жерге 700 теңге. Барып қайтқаны 1400 теңге. Неге қымбат десе онда автобуспен жүре беріңіз дейді екен. Ақыл айту оңай, одан ба халыққа қолжетімді баға қоймай ма!
Вакцинадан қорқып бір байбалам салдық. Айналып келіп қабылдадық. Қырылып қалған ешкім жоқ. Енді мына 5G-дан қарадай қорқып жатыр. Бұның тірі жанға зияны жоқ екені туралы ғалымдар жазып жатыр, бірақ біз әл.желілерде таратылып жатқан қайдағы бір жалған ақпараттарға сенеміз. Ұят тіпті...
5G орнатылса вышкаларды түбімен қопару керек деген пікірлерді оқып қалдым. Не деген надандық! Жаңа технологиялар заманында алға жылжып жатқанымыз үшін қуанғанның орнына, кері тартқаны несі?! Онда ваще киіз үйге барып тұрыңыздар жаңадан шыққанның бәрінен қорқа беретін болсаңыздар!
Уатсапта таратылған фейк ақпаратты ғалымдардың тұжырымынан жоғары қоятынымыз өкінішті. 5G-ның ешбір тіршілік иесіне зияны жоқ екені дәлелденген. Дәлелденгендіктен де қолдануға рұқсат етілген.
Код ауыстыру босқа уақыт жоғалту екенін экономистер де айтып жатыр. Сөзге тоқтап, басқа мәселеге назар аудару керек мұндайда. Мысалы, электронды үкімет сберге өтуі мәселесі бұл мәселеден әлдеқайда өзекті!
Осындай ессіз дүниені кімдер ойлап табады екен. Қаражат қайдан бөлінсе де бәрібір! Кодты ауыстырудың әуресі көп, одан да осы пандемиядан аман-есен шығып алуды ойлайықшы!
Осындай жаңалықтарды оқығанда елде басқа проблема жоқ па деп қалам. Бірегейлікті көрсететін құралды тапқан екен. Әлемге бірегейлігімізді Димаш сияқты талант иелері арқылы таныта аламыз. Демек таланты бар, таныстары жоқтарға көңіл бөліп танытыңдар бірегейлігімізді.
Кодты өзгерту үшін бюджеттен ақша кетпейді деген бер жағы ғана. Ертең тарифтер қымбаттаса кімнің қалтасы жұқара түседі, әрине, халықтың! Мына пандемия салдарынан есеңгіреп отырған шақта бірегейлікке бас қатырмай қойыңыздаршы осы!
Бұл нағыз ысырапшылық дер едім. Қазір халықтың баспаналы болу, жұмысқа тұру,несие жабу мәселесімен басы қатып жүр. Билік еліміздің бірегей болғанын қаласа онда осы мәселелерді шешіп берсін. Кодты өзгерткеннен халықтың жағдайы жақсарып кетпейді. Ысырапшылықты қашан қоямыз осы?!