30 жыл бұрын ойламаған дүниені қазір қолға алудың не қажеті бар? Қазір бірегейлігіңді көрсетудің код ауыстырудан басқа мыңдаған жолдары бар. Мысалы,солқылдақ заңыңды күшейт, адам құқығы тапталмасын, өнертапқыштарды қолда, жаңа технологиялық зат ойлап тап. Айта берсең көп қой.
Өзге мемлекетке хабарласқанда Қазақстан деп шығып тұрады дейді. Кодты өзгертудің не пайдасы бар десем - осы екен ғой пайдасы. 😄 Қазір жердің түкпір түкпіріндегі адамдар әлеуметтік желі арқылы хабарласа береді. Көбі жазысады, звондамайды. Қысқасы - еріккенннің ермегі бұл әрекет!
Қазақстанның бірегейлігі кодпен емес, әлеуметтік жағдайымызды түзеумен, экономикамызды көтерумен, жетімдерімізді жылатпауымызбен, қарттарымызды сапалы өмірмен қамтамасыз етумен өлшенеді!
Бұрын онлайн өтетін шаралар соңында журнадистердің қоятын сұрақтарымен қызық болатын. Қазір ол да жоқ. Не сұрақ қойдырмайды, қойдырған күннің өзінде көңілдерінен шықпаған сұрақ болса байланысты үзе салады. Журналистердің еңбегін бұлай жоққа шығаруға болмайды ғой!Мемлекеттік органдардың журналистке бұлай теріс қарауы халыққа түкіргені бар деп түсінем!
Журналистерге құрметпен қараймын. Бұрын олар төртінші билік деуші еді, қазір қадірін кетіріп бітті. Тойлатуға рұқсат бар, ал халықтық көкейінде жүрген сұрақтарды журналист аиқылы билікке қойғызуға рұқсат жоқ. Сонда әділдік қайда???
Пандемия басталған кезде оқиға орнынан хабар таратып, ауруханада өмірін қауіпке тігіп жүгіріп жүргендердің бірі осы журналистер. Сол кезде шектеу қоймай, қазір шектеу қойып тастағандары қызық екен. Бұлай жалғаса беруге болмайды. Журналистерге сұрақ қоюға, билік пен халық арасына көпір болуға мүмкіндік беру керек.
Тойға баратындарға вакцина егілген-егілмегенін бір Құдай біледі. Ал журналистер егілген, ғимаратқа да оны тексеріп барып кіргізетін шығар. Бұл жерде бір шикілік бар. Әйтеуір журналистерден ат-тондарын ала қашып жүр ғой.