Қазақтың да төл дәстүрінен праймериз нышандарын көруге болады. Би-шешендер ең алдымен елді-жерді аралап, сол жердегі көкейкесті мәселелерді көтеріп, осылайша болыс болсын немесе билікке тікелей араласуға мүмкіндік алған.
Праймериздің басты шарты – бұл дебат. Дебаттың өткізілуі маңызды. Өйткені кез-келген кандидат елдегі немесе аймақтағы көкейкесті мәселелерді шешу жолдарын ұтымды көрсететін болса, ол кандидат лайықты болады және сол кандидаттың саяси карьерасының қалыптасуына жол ашылады.