Толықтай қолдаймын! Осылай нақты әрі тұщымды пікірін айтатын депутаттар көбею керек. Халықты ғана емес, түбінде өздерін және үкімет басындағылар өтірік санға алданып отыр ғой. Шынымен де инемен қазғандай әрбір есепті тексерсе, сонда ғана елімізде экономика да халықтың әл-ауқаты да өседі!
Мазаққа қалған бұл ЛРТ-ның оқиғасы әлі де аяқталмады ау. Сол сәттерге куә бола тұра, не әрекет, не жазаланбай жатқанына таңмын. Бюджеттен бөлінген ақшаның есебі болмай кетті ғой. Өте қомақты қаражатты желге ұшырған жауапты мамандарға белгілі бір шара қолданылуы керек!
Мәжіліс депутаты Перушев парламенттік оппозиция өкілдеріне ресми жиындарға қатысуға мүмкіндік берілетінін жеткізгені ерекше жаңалық болды. Ендігі таңда өркениетті және демократиялық құрылымы дамыған басқа елдердегідей оппозиция мен биліктің арасындағы мәселе ашық пікірталасқа түсіп, нақты және оң нәтижесін беретініне сенемін.