Партия кез келген жағдайға бейімделе алатындығын және жаңашылдыққа жақын екендігін осы күнге дейін дәлелдеді. Алдағы аптадағы жиыннан соның жалғасын күтеміз.
Партияның 15 мемлекеттің басын қосып үлкен жиын өткізгені құптарлық іс. Оза шапқаннан қажетін алып, өзіміздің озық тұстарымызбен бөліссек дами түсетініміз анық.
Елдің ертеңін ойлайтын, саралай алатын шара болды деп есептеймін. Бауыржан Қыдырғалиұлының өзі үлкен сеніммен сөз сөйлеп, 30 жылдағы жетістіктерді айтты.
Елордадағы форум елдің өткеніне көз тастап, келешекті бағамдайтын шара болды. Б. Байбек 30 жылдағы мемлекеттің қалай түрленіп шыққанын сөз қылып, Елбасының атқарған істері көп екендігін айтты.
Жаһандану заманында үнемі зерттеп, жаңашылдыққа ұмтыла білу қажет. Бауыржан Қыдырғалиұлы партияның жаңашылдықты басты ұстаным ететіндігін форумда жеткізді.
30 жыл аз ғана уақыт болып көрінуі мүмкін. Алайда осы уақыт аралығында Елбасының бастамасымен қыруар жобалар іске асты. Б. Байбек бас қалада өтіп жатқан форумда елбасы еңбегіне ерекше тоқтала кетті.