Білім саласының тұралап тұрғаны үлкен өзгерісті қажет етеді. Дамыған мемлекеттерден осы бағыт бойынша әлі де артта келеміз. Тұңғыш президент осы кемшілікті реттеу керек екендігін көтерді және шешуді тапсырды.
Жас мемлекет үшін нендей қауіптің бар екендігін Елбасы тізіп берді. Біз жастар алдағы уақытта аталған кемшіліктерді жоюға бір кісідей атсалысатын боламыз.
Жамбыл жастарының атынан шын жүректен құттықтаймын. Жасотанның қазанында қайнап, аймақ, аудан, ауыл жастарының жағдайына қанық азамат сайланғаны қуанышты жаңалық. Іскерлігімен, тапқырлығымен жастардың қолдаушысы бола біледі деп сенеміз. Іске сәт Нұржан Арғынұлы!