Дамыған елдің қатарынан болғымыз келсе, уақытты осылай қалдырып, жұмыс уақытын 1-2 сағатқа ерте бастау туралы петиция жариялау керек деп ойлаймын. Ерте жатып, ерте тұру керісінше денсаулыққа пайдалы. Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық деп бекер айтылмаған
Еще про стоимость билетов КТЖ не забудьте. С апреля по май 2019 года ездил на Тальго межде Астана и Алматы, в командировку. Тогда билеты приобретал по 10 000 тенге. Как начались сезон отпусков после 25 мая цены на билеты резко подорожали. Сейчас билеты покупаю от 20 0000 тенге и выше. Сделайте разумную фиксированную сумму и так КТЖ думаю в плюсе
Жарайсыз Президент мырза! "Басшы бол, халқыңа жақын бол" - деген бабаларымыздың өсиетін ұстанғаныңызға дән ризамыз. Жасырын емес, қазіргі уақытта жанашырлық, әділеттік, қамқорлық, адалдық азайды. Әрдайым осындай үлгі болсаңыз, халық та Сізге жақын болып, қолдау танытып, елімізде береке көбейер.
Кім не десе де Н.Назарбаевтың еңбегі зор. Бірақ адам болған соң кемшіліксіз болмайды. Орын алған кемшіліктерге халықтың да кінәсі бар. Ең басты проблема ЖЕМҚОРЛЫҚ. Бұған оның кінәсі жоқ, себебі алыңдар деген жоқ. Жемқорлыққа жетелеген Надандық пен Жалқаулық. Арамдықпен қиналмай көп табысқа кенелуге тәрбие берген де Назарбаев емес. Оған ата-анамыз кінәлі. Егер жастайынан дұрыс тәрбие бергенде, басқаша болар еді. Халқына қарай лайықты басшы болар деген! Ата-бабамыз арманда кеткен Тәуелсіздігіміздің қадірін білейік бауырлар! Ойланған адамға...
Егер де ешқандай қылмыс болмаса 8 сағат істеп, бала-шағаға қайтпаймыз ба ерте?!. Немесе елге пайдамыз тиетін басқа да жұмыс істемейміз бе?! Ол үшін әркім өз отбасын адалдыққа, ел үшін қызмет етуге тәрбиелеу керек, сонда қылмыс та болмас еді, еліміз де көркейер еді!
Тыныштық сақтап, сабыр етейік Халайық! Алдағы уақытта бәрі дұрыс болады Алла қаласа. Адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады емес пе? Митинг арқылы ештеңе шешілмейді. Рұқсат берсе жағдай ушығып кетуі абден мүмкін, себебі адам аласы ішінде, мал аласы сыртында деген. Полицияға рахмет айтыңыздар, олар болмағанда не болады деп елестетіп көріңіздерші. Шындығына келгенде адам, мұндай топтың арасында болғанда не істеп не қойғанын байқамай, заңсыз әрекеттерге барып қалады. Өзіміздің елімізді өзіміз құртамыз бекерге. Одан да сабыр етіп, бала-шағамызға имандылыққа, адалдыққа, елге қызмет ету үшін дұрыс тәлім тәрбие, білім берейік. Себебі біздің елдің болашағы солар. Бабаларымыз: "Өткенге қарап шүкір ет, алдыңа қарап пікір ет" демеп пе еді!? Өткенге үңілейік, біз қайдан келдік, кім едік, не істеп жүрміз, қайда барамыз? Біздің 1917-1937 жылдары шейт болған Ә.Бөкейхан т.б. бабаларымыз осылай істеңдер деп тәуелсіздік жолында бекер күресіп па еді!? Қазір Аллаға шүкір егеменді елміз. Ашаршылық, отаршылдық жылдармен салыстырғанда тойып секіріп жүрміз. Жақсылықты тез ұмытамыз. Ұрыс-керіс болған үйден 40 күн береке қашады демекші, еліміздегі берекеден айырылып қалмайық. Одан да бірігіп, бір-бірімізге күлімдеп қарап, қолдан келгенше жақсылық жасап, ұрпағымызды тәрбиелейік. Жақсылықта жарысайық! Жұмыс жасаймын деген адам, ешқашан аш қалмайды бүгінгі қоғамда, себебі жол ашық, тек ниет түзу болса, берекесі болады. Амалдар ниетке байланысты деген. Митингке шығатын қайрат пен уақыт көп болса, оны игі істерге жұмсайық. Ел, яғни үкімет маған не берді демей, еліміздің көркеюі мен экономиканың дамуы үшін мен не істедім деген "девизбен" өмір сүрейік. Ал әділетсіздік пен жемқорлыққа келер болсақ, мұның бәріне өзіміз кінәліміз. Егер әр салада қызмет пен жұмыс істеп жүрген әрбір Қазақстандық өзіне жүктелген міндетті тиянақты, бар күш- жігерін ел үшін адал әрі дұрыс атқарса, бәрі дұрысталады. Абай атамыз: "Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, ал адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң Алланың сүйген құлының бірі боласың" - деген сөзімен неге келіспеске!? Жаза берсең бабалар сөзі жеткілікті... Отан отбасынан басталады. Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман. Ата-бабамыз армандаған Егеменді Отанымыздан айырылып қалмайық халайық! Ал қоғамда болып жатқан проблемаларды Жаратушы мен уақыттың еншісіне тапсырайық. Көш жүре түзеледі деген. Бұрынғыға қарағанда, елдің жағдайы жақсарып келері сөзсіз, бұдан ары да жақсарады деген ниетте болайық. Жақсы сөз - жарым ырыс деген... Жақсы сөз сөйлеп, оң ниетте болайық.
...Ешкімге жағымпазданайын деген ниетте емес, Отаным мен еліме жаным ашитын, әрі елдің болашағын ойлайтын адам ретінде өз көзқарасым мен тілегімді білдірдім!