Бүгін белайннан хабарлама келді 1 қаңтардан бастап НДС тің өсуіне байланысты тариф өседі деп. Мынау не масқара. Бәрі қымбат. Комуналка ол өсті. ОСИ ға 6 мың 500 теңге, Ремонтына 2 мын 650 теңге өсірді. Су свет, мусорканы айтайақ қойдым. Айлық сол баяғы бір жартас. НДС өссе қарапайым халықтың не кінәсі бар. Осы бізде Птезидент, Үкімет барма осы???? Шет елге өмірі шығып көрмеппіз. Әйелім екеуміз жоғары оқу орнын бітірдік. Магистратураны да бітірдік. Дымға да керегі жоқ екен жаңа Қазақстанға
34 жыл осылай келе жатырмыз жарқын болашақты күтіп. Өліп кетеміз-ау жете алмай. Қымбатшылық жаулаған заманда, тек тамаққа ақшамыз жетсе деп ойлаймыз. Шет елге шықпақ түгілі, киімге ақшаны әрең жеткіземіз. Айлығым орташа болсада әйтеуір өлместің күнін сүріп жүрміз. Заман-ай десейші