Айтарға сөз, атарға оқ жоқ! Өкіметтің дәрменсіздігі, халыққа деген қарым- қатынасына қайраң қаласың. Өлместің күнін кешіп отырған халықты қанауларыңды қашан тоқтатасыңдар.Ертең ақыретте жауап беруге қорықпайсыңдарма?
Қор болған қайран тілім. Менің балам екінші сынып оқыйды қазіргі кезде біз балаларымызбен бірге сабаққа дайындаламыз кейбір сөздер ақылға қонбайтын сөздер. Біз үлкендер түсінбейтін сөзді балаға қалай түсіндіретінімізді білмей далмыз. Ал енді мына латын әліпбиіне көшсек Балаларымыз мәңгүрт ұрпағымыз топас болып өспесіне кім кепіл. Әлде ұлтқа жасалайын деп отырған әдейі қастандықпа. Билікте отырғандардың санасыздығына қаның қараяды. Егер латын тіліне көштік делік қаншама оқулық қаншама білім көздері бар оны қандай әріппен оқымақпыз. Атарға оқ айтарға сөз жоқ. ҰРПАҚҚА жасаған қыянаттарың үшін екі дүниеде қарғысқа ұшырайтындарыңды ұмытпағайсыңдар.
Ақылдың таяздап, санамыздың азғындап бара жатқаны өкінішті. Сыртқа еліктейміз деп құндылығымыз арзандап барымыздан айырылып қалмасақ жарар еді. (Білме білгеннің тілін алма)
Көкейлерін тесіп бара жатқан ақша. Ел қамын ойлайтын ел ағалары ұяттан безгелі қашан. Ар- намыс ұлтына деген сүйіспеншілік жанашырлық, санасыздық пен арсыздықтың ара жігін ажырата алмай жатқанымыз өкінішті. Жаның қан жылайды естір құлақ жоқ. Халқымыз жетімнің күйін кешкелі......