Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 марта 2021 10:49

Ақтөбелік әйел ұлын қағып өлтіргендер жазасын алмай отырғанына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамазан Жеңісұлы Рамазан Жеңісұлы

Былтыр 7 мамырда Ақтөбе облысы, Ойыл ауылында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 23 жастағы Рамазан есімді жігіт қаза тапқан. Оқиға жол апаты бола қоятындай тасжолда емес, мал өрісінде болған. Марқұмның анасы Қарлыға Нұрғалиеваның сөзінше, оның ұлын қағып кеткендер мас болған, бірақ жазасын алмай, әлі бостандықта жүр. Қарлыға Нұрғалиева әділдікке жету үшін бармаған жері қалмаған. 


Былтыр 7 мамырда Ақтөбе облысы, Ойыл ауылында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 23 жастағы Рамазан есімді жігіт қаза тапқан. Оқиға жол апаты бола қоятындай тасжолда емес, мал өрісінде болған. Марқұмның анасы Қарлыға Нұрғалиеваның сөзінше, оның ұлын қағып кеткендер мас болған, бірақ жазасын алмай, әлі бостандықта жүр. Қарлыға Нұрғалиева әділдікке жету үшін бармаған жері қалмаған. 

Рамазан жұмыс істемейтін, тек мал шаруашылығымен айналысқан. 9-сыныптан кейін колледжге түсіп, "Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Оқиға Ойыл ауылында болған. Бұл нағыз қатаң карантиннің кезі еді: ата-анасы қалада жұмыста болған, ал өзі ауылда мотоциклмен мал бағып жүрген.  

Рамазан Жеңісұлы

Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын білу мақсатында Ақтөбе қаласының полиция департаментінің өкілдерімен байланысқа шыққан болатын. Полицияның ресми жауабында 2020 жылдың 9 мамырында сотқа дейінгі тергеу басталғаны, оған ең алдымен марқұмның әкесі Жеңіс Есниязов шақырылғаны айтылған. Полиция мәліметінше, бастапқыда марқұмның әкесі жол апаты мотоцикл жүргізген ұлының кесірінен болғанын айтқан. Одан бөлек, кінәлі тарап бірден жедел жәрдем шақыртқан делінеді.

Ал марқұмның анасы Қарлыға Нұрғалиева полицейлер оқиғаны бұрмалап жібергенін айтады. 

"Олар (күдіктілер - еск.) ішкен адамдар, мас болған. Қарсы тарап бірден ауруханаға бармаған, шок жағдайында болдым деген екен. Егер ол ауруханаға жатқызылса ол қан құрамында алкоголь бар-жоғы тексерілетін еді.

Менің баламды қағып кеткендер қашып кеткен. Ол жерде балама көмек көрсетпеген. Өздері көлігін жасырып, кетіп қалған. Шаруаларын бітіріп, жасыратынын жасырып, сосын барып көмек көрсеткен. Сол күні түнде апарды, бірнеше сағат жатты. 

Күдіктінің қасында екі жолдасы болған. Бәрі ішкен ғой. Оқиға былтыр 7 мамырда кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Бірақ балам ауруханаға кеш жеткізілген: шамамен 21.30-да. Арада 3-4 сағат өтті, сол кезде полицейлер тексерсе болатын еді. Оларды қамаған жоқ. Мен тергеушіге бірнеше рет барып "Неліктен қамауға алмайсыздар? Балам ауруханада жатыр, ол есін жия ма, жоқ па білмеймін" деп сұрағанда, олар "Біз аты-жөні жоқ қамауға алмаймыз" деп айтты", - дейді Қарлыға Нұрғалиева. 

Оның айтуынша, кінәлі тарап кешірім сұрап келгенімен, қан жылаған ана кешірім бере алмайтынын айтқан. 

"Балам ауыр жағдайда жатқан кезде кешіре алмаймын дедім. Тергеушілер менің жолдасыма "Ағайынсыздар, балаңыз ертең жақсы болып кетеді" деп қол қойдырып алған. Олар (кінәлі тарап - еск.) менің туған қайын ағамның баласы. Ал бала қағып кеткенін, қатты жылдамдықпен келіп, байқамай қалғанын мойындап отыр. Оқиға трассада емес, тегіс жолда болған, мал бағып жүрген баланы қағып кеткен. Маған қанша материалдық көмек берсе де ол менің баламның орнын толтырмайды. Сау балам біреудің құрбаны болды. Оларды аз жылға қамаса да ренжімес едім. Бірақ адам өлімі бола тұра оларды қамауға алмай отыр. Полиция қызметкерлері мен тергеушіге наразымын", - дейді марқұмның анасы. 

Рамазан Жеңісұлы

Қарлыға Нұрғалиева полицияның жалған куәлік берді деген сөзіне жауап берді. 

"Жалған куәлік берген жоқпыз. Балам ауруханада тоғыз күн жатып қайтыс болды. Содан кейін де мен тергеушіге бірнеше рет бардым. "Адам өлімі болды, неліктен қамауға алмайсыздар?" деген кезде "Сараптамалық қорытындысыз қамауға ала алмаймыз. Егер сараптамалық қорытынды келіп, сіздің балаңыз кінәлі болса, оларды ешкім қамауға алмайды, ешқандай шара қоданылмайды" деді. Мен қалайша менің балам кінәлі болатынын сұрадым. Бірақ іштей күдік болды: оқиға бұрмаланып, менің баламды кінәлі деп шығарама деген іштей ой болды. Баламның қырқы өткеннен кейін жолдасым екеумізді шақырып, "Сараптамалық қорытынды бойынша өз балаңыз кінәлі деп шығарды" деп айтты. Мен таңғалдым, қалайша менің балам өзі кінәлі болады?" - дейді Қарлыға Нұрғалиева. 

Марқұмның анасы алкогольді анықтайтын сараптама бірден жүргізілмеуіне пара себеп болуы мүмкін деп күдіктенеді.  

"Ол жерде парақорлық болды деп ойлаймын. Бұл жағдайда сараптама бұрмаланып келіп отыр. Оқиға болған күні жолдасым екеуіміз Ақтөбеде болдық. Бізге хабар кешкі сегіздер шамасында келді, бірден айтпаған, жасырғылары келген. Мен барлық жерге шағымдандым, ешкім қарамайды. Былтыр тамыз айларында прокуратураға арыз жаздым. Сот отырысы онлайн өтті. Сот қорытындысы бойынша, ұлымды кінәлі етіп шығарды. Олар менің сөзімді елеген де жоқ. Күдікті тарап бізге өтемақы ретінде бие сойып, 200 мың теңге ұстатқан екен, менің оған қарауға шамам да болмады. Мен ешкімге кешірім берген жоқпын.

Ал менің күйеуімнен "Ешқандай қарсылығымыз жоқ" деген қолхат алып алған. Жолдасымнан "Маған айтпай, неге талабым жоқ деп жаздың, балаң ауыр күйде жатқан кезде неліктен "мазамды алмаңдар" деп айтпадың?" деп сұрадым. Жолдасымның ойлануға мұршасы болмаған, шок жағдайында болған, олар соны пайдаланған. Одан бөлек, тергеуші "Бұлар міндетті түрде сотталады. Ал сіздің қолхатыңыз тек жылын азайтуы мүмкін" деп сендірген екен. Былайша айтқанда алдаған ғой. Бүгінде күйеуім ол қолхатен келіспейді, ренжиді, осы күнге дейін өкінеді", - дейді Қарлыға Нұрғалиева. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети