Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 апреля 2020 11:37

Атырауда лауазымды тұлға тірі туған сәбиді өлі деп жазған

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының бұрынғы директоры тірі туған нәрестені өлі деп жазған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының бұрынғы директоры тірі туған нәрестені өлі деп жазған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының бұрынғы директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және қызметтік жалғандығы үшін сотталды.

"Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы" ШЖҚ ҚМК директорының міндетін атқарушы И. Молдағалиевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туған нәрестені өлі туған деп жазып, оны патологоанатомиялық зерттеудің хаттамасына көрінеу жалған ақпарат енгізу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров ведомствоның Facebook парақшасында жүргізілген тікелей эфирде.

Ведомство өкілінің айтуынша, биылғы 28 наурызда Атырау қаласының №2 сотының үкімімен И. Молдағалиевке 1 325 500 теңге көлемінде айыппұл салынған. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде жемқор шенеуніктер сотталғаны хабарланды. Олардың қатарында селолық округтің есепшісі, өрт сөндіру қызметінің басшысы, полиция инспекторы мен басқарма басшысы бар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети