Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 сентября 2020 11:58

Жетісайда мүгедек қызды зорлаған күдікті кепілмен босатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында 2-топтағы мүгедек қыз зорлық құрбаны болды. Оқиғадан кейін жәбірленушінің аяғы ауыр болып қалған. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары мәлімдеді. Енді олар күдікті қылмыстан жалтарып кете ме деп қорқып отыр. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтап көрді. 


Түркістан облысында 2-топтағы мүгедек қыз зорлық құрбаны болды. Оқиғадан кейін жәбірленушінің аяғы ауыр болып қалған. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары мәлімдеді. Енді олар күдікті қылмыстан жалтарып кете ме деп қорқып отыр. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтап көрді. 

Оқиға 2019 жылдың 1 мамырында Түркістан облысы, Жетісай ауданы Асықата кентінде шамамен сағат 12:00-де болған. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланған күдікті оны еркінен тыс бірнеше рет зорлаған. Күдікті 2019 жылдың 3 мамырында бұл әрекетін қайталаған. Ол 2-топтағы мүгедек, кемақыл боп туған жәбірленушінің үйде жалғыз қалғанын пайдаланып, қасақана жыныстық зорлық әрекеттерін жасаған. Нәтижесінде жәбірленуші жыныстық зорлық салдарынан жүкті болып, 2020 жылы өмірге ұл бала әкелген. 

Сот-генетикалық молекулярлық сараптамасының нәтижесі бойынша күдікті өмірге келген баланың биологиялық әкесі болуы мүмкін екені анықталған (99,9999 пайыз).

Редакция тілшілерімен байланысқа шыққан жәбірленушінің туыстарының сөзінше, күдікті ауыр санаттағы қылмыс жасағанына қарамастан 2 ай мерзімге тергеу изоляторына қамалудың орнына кепілдік арқылы босатылып кеткен. Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі күдіктінің кепіл арқылы босатылғанын растап, неге мұндай шешім қабылданғанын түсіндірді. 

"Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі 4-тармақтарында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды 2020 жылғы 17 қазан 22 сағат 00 минутқа дейін екі ай мерзімге санкция берілген. Күдіктіге қатысты 15 миллион теңге кепіл мөлшері айқындалып және ол кепіл іс жүзінде сот депозитіне енгізілген жағдайда немесе осы соманы құрайтын тыйым салынатын басқа да құндылықтар, жылжитын және жылжымайтын мүліктер ұсынылған жағдайда күдіктіге кепіл жөніндегі міндеттерді және оларды орындамаудың салдары түсіндіріліп, кепіл енгізілгенін растайтын құжаттар алынғаннан кейін күзеттен босатылатыны жөнінде түсіндірілген", - дейді Түркістан облыстық сот өкілдері. 

Тергеу судьясы, күдіктіге қатысты кепіл мөлшерін айқындау кезінде оның жеке бас деректерін, қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатын және мүліктік жағдайын ескерген. Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде аталған сот қаулысының күші жойылмаған немесе өзгертілмеген заңды күшінде.

"Сондықтан бірінші саты сотының қабылдаған актілерінің әділдігіне, заңдылығы мен негізділігіне, тараптардың апелляциялық шағымдарымен немесе прокурордың өтінішхаттары бойынша ҚПК-нің 424-бабының 1-бөлігінің талаптарына сай, облыстық сот апелляциялық тәртіпте тексеріп баға беретінін түсіндіреміз", - дейді облыстық сот өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 445.66   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети