Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 декабря 2018 18:14

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан қазақстандық актриса қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шолпан Елгезекова Шолпан Елгезекова

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекова қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаевқа сілтеме жасап.


Алматыда жантүршігерлік жол апатынан театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекова қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаевқа сілтеме жасап.

Оның хабарына қарағанда, жол апаты болған сәтте Шолпан Елгезековамен бір көлікте тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева болған.

"Ол алты қабырғасы мен бұғанасы сынып, жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта ол есін жиды. Қазір театр ұжымы қолдау білдіріп, ауруханаға жиналды", - деп хабарлады министрлік өкілі.  

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жол апатының бүгін, 29 желтоқсанда таңғы уақытта Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында болғанын хабарлады. Mercedes Gelandewagen Mitsubishi Galant көлігін соққан. Осыдан кейін жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан Mitsubishi жүргізушісі мен жолаушы - Шолпан Елгезекова қаза тапқан.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Mercedes Gelandewagen жүргізушісі анықталды. Оны ұстап, қамауға алу бойынша шаралар жүріп жатыр. Сонымен қатар, қылмыстық іс аясында сот-медициналық және басқа да сараптамалық зерттеулер жүргізіледі", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек. 

Шолпан Елгезекова - 1973 жылдың 12 наурызында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында оқуын тәмамдаған. Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында жұмыс істеген. Елгезекова биыл шілдеде көрсетілімге шыққан "Шабдалы" фильмінде басты рөлде, "Анашым, мені қалдырма", "Айман&Шолпан" телехикаяларында ойнаған. 


Шолпан Елгезекова сол жақта. © Фильм постері

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.52   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети