Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 февраля 2020 12:37

"Бөгдеғаламшарлық", "Тірі құдай". Футбол әлемі Криштиану Роналду туралы не айтқан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Криштиану Роналду. © Reuters Криштиану Роналду. © Reuters

Бүгін италиялық "Ювентус" пен Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду 35 жасқа толып жатыр. Талай рекордтың авторы, миллиондаған жанкүйердің піріне айналған оны "бөгдеғаламшарлық", "тарихтың үздік футболшысы", "футбол игілігі" деп бағалап жатады. Мұндай пікірді жанкүйерлер ғана емес, футбол әлеміндегі жұлдыздар да айтқан. Tengrinews.kz тілшісі Криштиану Роналду туралы футбол әлеміндегі ең қызық пікірлерді жинап шықты.


Бүгін италиялық "Ювентус" пен Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду 35 жасқа толып жатыр. Талай рекордтың авторы, миллиондаған жанкүйердің піріне айналған оны "бөгдеғаламшарлық", "тарихтың үздік футболшысы", "футбол игілігі" деп бағалап жатады. Мұндай пікірді жанкүйерлер ғана емес, футбол әлеміндегі жұлдыздар да айтқан. Tengrinews.kz тілшісі Криштиану Роналду туралы футбол әлеміндегі ең қызық пікірлерді жинап шықты.

"Жыртқыш әрі сиқыршы" 

Былтыр Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Атлетико" қақпасына хет-трик жасап, өз командасын ширек финалға алып шыққанда оны ұлықтағандар көп болды. Соның бірі - аңызға айналған Марадона. Ол Роналдуды "сиқыршы" деп атаған.

"Сиқырлы таяқша жанап өткен ойыншылар бар. Бұл рас - біз, аргентиналық, Мессидің Испания емес, Аргентина сапында ойнайтынын мақтан тұтамыз. Бірақ Роналду - жыртқыш, қара күш, ал енді сиқыршы: үш гол соғамын деп еді, хет-трик жасады", - деді Марадона.

Бұған дейін аңызға айналған аргентиналық Роналдуды "футбол игілігі" деп атаған еді.

Марадона мақтан тұтатын Месси де Роналдуға деген құрметін аямайды. Бұл екі футболшы 15 жылға жуық уақыт бойы жасыл алаңда бәсекелесіп келеді.

"Роналду - ғаламшардағы ең үздік футболшылардың бірі. Ол Испания чемпионатынын әсерлі әлі мықты қылды. Мені де мықты қылды дей аламыз. Бәсекелестіктің арқасында бір-бірімізді озу үшін бәрін істедік", - деген еді Месси Роналду "Ювентуске" ауысқан кезде.


Криштиану Роналду мен Лионель Месси. © Reuters 

Роналдуды "Реал Мадридте" жаттықтырған Зинедин Зидан португалиялық жұлдызды "Корольдік клуб" тарихындағы үздік футболшы деп атаған.

"Роналдуды "Реал" тарихындағы үздік футболшы десем артық айтқаным емес. "Реалдың" еш үздік ойыншысы Криштиану жеткен жетістікті қайталай алмайды", - деген Зидан.

Зиданмен үзеңгілес ойнаған француз Тьерри Анри де Роналдудың данышпандығын мойындаған: "Бір сәтте аузыңды жауып, оның қалай ойнап жатқанын қарап қана отыратын уақыт келеді".

"Роналду - өзгеғаламшарлық" 

Криштиануді адам емес деп, басқа нәрселерге теңегендер аз болмады. Көбі оны өзгеғаламшарлық деп санайды. Бразилиялық футболшы Неймар да сондай пікірде.

"Қазір бәрінен жоғары тұрған екеу бар, бұлар - Криштиану Роналду мен Лионель Месси. Мен өзімді қазір әлемнің үздік ойыншысымын деп санаймын. Себебі олар басқа ғаламшардан", - деген еді Неймар.


Криштиану Роналду мен Неймар. © Reuters  

Неймардың бұл пікіріне танымал бапкер Карло Анчелотти де қосылады: "Роналду - басқа ғаламның футболшысы. Оның талантын суреттеу үшін сөз табу қиын".

Португалиялық футболшының "Реалдағы" бұрынғы әріптесі Альваро Арбелоаның айтуынша, Роналду Жер ғаламшарында жасауға болатынның бәрін жасаған.

"Меніңше, Криштиану Роналду Жерде жасауға болатынның бәрін бітірді. Енді оған марстықтармен ойнау ғана қалды", - деген ол.


Криштиану Роналду. © Reuters  

Роналду 2018 жылы "Ювентус" сапына ауысқаннан кейін туриндік клубтың қорғаушысы Джорджо Кьеллини жаңа әріптесіне мақтауын аямаған. Ол Криштиануды машинаға теңеген.

"Роналдудың әрекетін бақылаған қызық. Ол желаяқ Усэйн Болт немесе теннисші Роджер Федерер сияқты. Қосымша тетігі бар машина сияқты. Роналду - өте тәжірибелі", - деген еді Кьеллини.

Ал "Манчестер Юнайтедтіңі" бұрынғы футболшысы Рио Фердинанд португалиялықты құдайға теңеуден тартынбаған: "Ол футболдың тірі құдайы. Оның істеген ісі миға сыймайды. Чемпиондар лигасында мүмкіндік деген рекордтардың бәрін бұзды".

"Мүгедектер арбасында отырса да, гол соғады" 

"Манчестер Юнайтедте" Роналдумен бірге ойнаған Райан Гиггз португалиялықтың гол соғу шеберлігіне таңдай қаққан.

"Роналду екі аяғымен де, баспен де гол соға алады. Ол мүгедектер арбасында отырса да, гол соға алатындай әсер қалдырады", - дейді Гиггз.

Португалиялықтың "Реал Мадридтегі" бұрынғы әріптесі Хесе Родригес оның еңбекқорлығына назар аударған.

"Реалдағы" алғашқы жаттығуыма барған кезім есімде. Мадридтік ұжымның бапкерлік штабына жақсы әсер қалдыру үшін екі сағатым болды. Жаттығу базасына келгенімде, Криштиану Роналдуды көрдім. Ол жаттығуды бәрінен ерте бастап кеткен", - деп еске алды Хесе.

Футболшылардан бөлек басқа спорт жұлдыздары Роналдудың ұлылығын мойындаған. Мысалы, UFC жұлдызы Конор Макгрегор "Әлемнің үздік спортшысы" кім деген сұраққа былай жауап берген: "Криштиану Роналду. Ол феномен атлет және өз карьерасында көптеген жүлде жеңіп алған спортшы. Оны тарихтағы ең ұлы футболшы деп санаймын", - деген болатын ол.

Көп футболшы үшін 35 жас - карьерасын аяқтау сәті. Бірақ бұл Криштиану Роналдуға қатысты емес. Бүгінде танымал футболшы Instagram желісінде 200 миллион фолловері бар алғашқы адам саналады. Ал таяуда Роналду карьерасындағы 722-ші голын соғып, футбол тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орынға шыққан. Ол көш басындағы Пеледен 45 голға ғана қалып тұр. Осы маусымда 35 жастағы футболшы Италия чемпионатында 19 матч өткізіп, 19 гол соққан. Анчелотти айтқандай, "Роналду - басқа ғаламның футболшысы".

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети