ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
01 февраля 2022 | 09:25

"Интернетті шексіз пайдалануға болады". Фейк болып шыққан Tesla Phone туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tesla Phone үлгілерінің бірі. Фото: Желіде тараған видео кадры Tesla Phone үлгілерінің бірі. Фото: Желіде тараған видео кадры

Желіде Илон Маск дайындап жатыр деген Tesla Phone туралы қауесет әлі де басылар емес. Смартфонның алғашқы үлгілері Желіде бес жыл бұрын, 2017 жылы пайда болды. Алайда ол компания ресми түрде таныстырған ұялы телефон емес, тек түрлі сарапшылардың ұсынған үлгісі еді. Масктың компаниясы ұялы телефон шығаратынын әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ. Тіпті Масктың өзі телефон мен смарт-сағат "кешегі күн" екенін мәлімдеп үлгерді. Бірақ сондада Желіде телефон биыл шығатынына сенімділер саны басым. Илон Маск компаниясы "дайындап жатқан" телефон қандай және оның артықшылықтары қандай болуы мүмкін? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Tesla Phone-ның бағасы шамамен 800-1200 доллар аралығында болмақ. Телефонды жасау процесіне Илон Масктың өзі қатысқан. Ескерте кетейік, бұл түрлі БАҚ-та тараған мәлімет. Құрылғының ерекшелігі көп. Мысалы жедел жад 16 ГБ болса, орнатылған жад мөлшері 1 ТБ болуы мүмкін делінеді. Одан бөлек, телефонда ылғал мен шаңнан қорғау функциясы болады-мыс. Ал ұялы телефонның артында күн панелі орнатылғандықтан смартфонды қуаттау құрылғысыз-ақ күн сәулесінде қуаттап алуға болады екен.

Tesla Phone үлгісі. Фото: ашық дереккөздерден

Akket.com сайты "Tesla Phone таныстырылды, бұл 2022 жылғы дүние жүзіндегі ең мықты смартфон" деп сенімді жазған. Теслафон туралы материалда жазылған мәліметке сәйкес, телефонның батареясын 100 пайызға дейін 10 минутта толтырып алуға болады. Ал күн түсетін жерге қойған жағдайда жарты сағатта 20 пайызға дейін қуаттап алу мүмкіндігі болады. Бұл смартфонды қуаттауға мүмкіндік жоқ кезде үнемі байланыста болуға мүмкіндік береді.

Биыл жыл соңына дейін сатылымға шығуы мүмкін делінген телефонның тағы бір ерекшелігі - Интернетті шексіз пайдалануға болады-мыс. Яғни Tesla Phone SpaceX компаниясының жерсеріктерімен ешқандай қиындықсыз байланысады. Нәтижесінде әлемнің кез келген жерінен, кез келген уақытта жоғары жылдамдықтағы Интернетке қосылуға болады екен. Одан бөлек, смартфонды сатып алған кез келген адам сол Интернетті уақытша емес, үнемі қолдана алады.

Akket.com сайтында ұсынылған үлгі

Алайда, Масктың телефон шығаратыны туралы жаңалықтар фейк. Олар бұған дәлел ретінде кәсіпкердің телефондар мен смарт-сағаттар туралы пікірін келтіреді. Яғни 2020 жылы 15 қыркүйекте Маск Тесла смарт-сағаттар шығарады деген твит-жазбаға: "Әрине, жоқ. Смарт-сағаттар мен телефондар - бұл кешегі күннің технологиясы, болашақ нейрондық желілерде" деп жауап қатқан болатын.

Одан бөлек, Tesla Phone дизайнын жасап, желіге таратып жіберген дизайнердің әзілі де болуы мүмкін деген пікір бар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 487.5   531.18   5.04 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети