Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 марта 2018 13:14

Tengrinews.kz мобильді қосымшасында енді тіл таңдау оңай

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz ақпараттық порталы Android базасындағы құрылғылардың мобильді қосымшасына өзгеріс енгізді.


Tengrinews.kz ақпараттық порталы Android базасындағы құрылғылардың мобильді қосымшасына өзгеріс енгізді.

Бұрындары қосымшада жаңалықтардың тілін өзгерту үшін төрт қадам жасау керек болатын. Қазіргі уақытта Android базасындағы құрылғылардың мобильді қосымшасында бір ғана қадаммен өту мүмкіндігі пайда болды. Алдағы уақытта бұл мүмкіндік IOS операциялық жүйесіндегі гаджеттерде де пайда болады.

Ақпараттық сайттың қазақша нұсқасы 2014 жылдан бері қазақ тілді аудиторияға сапалы да өзекті контент ұсынып келеді. Порталдың орысша нұсқасындай барлық айдар қамтылған, яғни оқырман өзіне қажетті саладағы кез келген тақырыпта мәліметті таба алады. Сонымен қатар, журналистердің ұсынған эксклюзив және сараптамалық материалдарын да осы сайттан таба аласыз. 

GoogleAnalytics мәліметіне сәйкес, сайтқа күніне орта есеппен 10 мыңнан аса адам кіреді. Наурыз айынан бастап сайттың орысша нұсқасындағы жаңалықтар тізілімінде қазақ тіліндегі жаңалықтар да шыға бастады. Әлеуметтік желілерде порталдың қазақша нұсқасындағы ресми парақшалары бар. Facebook - 18 мың қолданушы жазылған, ВКонтакте - 38 мың,  Instagram - 93 мың, Twitter - 3120. 

Tengrinews.kz Android базасындағы мобильді қосымшасын мына жерден жүктей аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети