Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 января 2020 18:15

Жұлдыздардың Желіде ұтыс ойынын өткізуі заңды ма? Заңгер жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде әлеуметтік желілерде, әсіресе, Instagram желісінде ұтыс ойындарын ойнататын аккаунтар көп. 100-ден аса демеушіге жазылып, белгілі бір жазбаларға лайк басу - басты талаптардың бірі. Бірі ұтысқа көлікті қойса, екіншісі қымбат заттарды ойнатып, байқау ұйымдастырып жатады. Интернетте мұндай ұтыстарды ойнату қаншалықты заңды? Салық төленуі тиіс пе? Ұтыс жеңімпазға берілетініне кім кепіл? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына заңгер Гүлмира Жолдасова жауап берді.

Маманның айтуынша, әлеуметтік желіде қолданушының өз парақшасында ұтыстар ойнатуға құқығы бар. Тек басты ережелерді ескерсе болғаны дейді.

"Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заң бойынша, кез келген ұтыс берілетін байқау лотерея ретінде қаралады. Қазіргі таңда Instagram әлеуметтік желісінде көп оқырманы бар қазақстандықтар демеушілермен бірігіп, түрлі ұтыс ойындарын және байқаулар ұйымдастыруды трендке айналдырған", - дейді ол.

Заңгердің пайымынша, мұндай ұтыс өткізу заңға томпақ емес.

"Фолловерлерінен 100-ге жуық демеушіге жазылуды сұрап, олардың суреттеріне лайк басып, онда достарын белгілеуді сұрайды. Мұның барлығы заңды. Тек олар тыйым салынған заттар немесе тыйым салынған қызмет түрлерін - темекі, алкогольге қатысты жарнама жасап, сол демеушілер арқылы ұтыс ойындарын ойнатпауы керек. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі шектеулерді ескеруі керек", - дейді заңгер.

Жолдасова бұл ережелер сақталмаған жағдайда ұтыс ойынын ойнатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

"Ұтыс ойынын ойнататын адам қандай затты ойнатса да - көлік болсын, пәтер болсын, ол ұтыс ойынының нәтижесін жариялауға міндетті. "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңның 15-бабы бойынша, ойын қорытындысына сәйкес барлық мәлімет жариялануы керек. Ал ол талаптар орындалмаған жағдайда заңбұзушы 10 АЕК-ке (26 510 теңге) дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі", - дейді ол.

Заңгер қандай жағдай болса да байқаудың заңдылығын тексеру қажетін айтады. Ұтыс ойынының барлық шартын оқып, ұтыс жайлы толық мәлімет алу керек дейді маман.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети