Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 ноября 2020 15:24

"Трамп жеңгендегі Семей". Желіде АҚШ-тағы президент сайлауы туралы әзілдер тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та президент сайлауы өтті. Оның нәтижесі бойынша Джо Байден АҚШ президенті болып сайланған болатын. Бұл қарашаның басындағы дүние жүзі талқылаған оқиға болды. Желідегілер сайлауға қатысты түрлі әзілдер таратты. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Тengrinews.kz тілшісі АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты тараған қызық әзілдерді жинады. 


АҚШ-та президент сайлауы өтті. Оның нәтижесі бойынша Джо Байден АҚШ президенті болып сайланған болатын. Бұл қарашаның басындағы дүние жүзі талқылаған оқиға болды. Желідегілер сайлауға қатысты түрлі әзілдер таратты. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Тengrinews.kz тілшісі АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты тараған қызық әзілдерді жинады. 

Ресми түрде президент 14 желтоқсанда бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде құрылған сайлау алқасы отырысында сайланады. Байденнің инаугурациясы 2021 жылдың 20 қаңтарына жоспарланған.

Джо Байден АҚШ тарихындағы ең қарт президент атанып отыр: қызметке кіріскен кезде ол 78 жаста болады. Сонымен қатар, ол соңғы 28 жылда алғаш рет қазіргі президентті жеңген кандидат атанады. 

Сонымен қатар, АҚШ вице-президенті лауазымын Камала Харрис атқарады, ол бұл қызметтегі алғашқы әйел болды.

"Халық мереке секілді дайындалады". АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық президент сайлауы туралы

Сайлау 3 қарашада болса да, оның нәтижесі 7 қарашада белгілі болды. Сондықтан, АҚШ-та ғана емес, дүние жүзінде осы төрт күн бойы сайлауға қатысты әңгіме көп болды. Оның ішінде түрлі әзілдер бар. 

Мысалы, Желідегі қазақстандықтар Дональд Трамп пен Джо Байденнің сайлаудағы тартысын әділ түрде шешу жолын айтып әзілдеген - Трампқа Елбасы, Байденге президент атағын беруді ұсыныпты. 

Қазақстанда сайлау қорытындысы бір күннен кейін жарияланады. Сондықтан, қазақстандықтарды АҚШ-тағы дауыс санау жұмысы таңғалдырған. 

АҚШ-тың сайлау жүйесі қазақстандықтарды ғана таңғалдырмаған сияқты. "Америкалықтар сайлауда кім жеңгенін болжап жатыр. Қалған елдер америкалық сайлау жүйесінің жұмысын түсінбей әлек", - деп әзілдейді желі қолданушыларының бірі.  

Қазақстанда АҚШ-тағы сайлау нәтижесін қызу талқылағандар көп. Осыған байланысты төмендегідей сурет тарады. Бұл қай президент жеңсе де, Қазақстанға әсер етпейтінін аңғартса керек.  

АҚШ-тағы президент сайлауын қарапайым жұмысшыларға дейін бақылап отырған секілді. Желіде мұндай әзіл көп.  

Тағы бірі сайлауды футбол көріп отырған адамдарға теңеген. 

"Бүгін біз "Реал" немесе "Барселонаға" жақтасып, ойын барысында сол үшін өзара қатты ұрсысып отырған қазақтар сияқтымыз", - дейді желі қолданушысы. 

Ал Twitter желісін қолданушылар сайлауға рэпер Каньэ Уэсттің де қатысқанын еске алған. Телеарналардың бірі кандидаттар тізімінде рэпердің суретін жарияламаған. 

"Бұл президент әлі ашылған жоқ. Мәдениет пен дін бойынша ұпайыңыз жеткіліксіз", - деп қалжыңдайды желі қолданушылары.  

Тамызда өткен Беларусь президенті сайлауын да еске салғандар бар. Сол кезде желіде ел президенті Александр Лукашенко наразылық шаралары кезінде автоматпен жүрген сәті тараған. Қазір Трамптың да сондай бейнесі тарап жатыр.  

Ал бұл сурет сайлаудың нәтижесін анық көрсетеді:

"- Трамп, тағы да сен бе?
- Орнына мен келдім". 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети