РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
01 февраля 2024 | 11:10

1 ақпаннан бастап Қазақстанда қандай маңызды өзгерістер болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

1 ақпаннан бастап Қазақстанда бірқатар өзгерістер болады. Massaget.kz тілшісі елдегі маңызды өзгерістерге шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

1 ақпаннан бастап Қазақстанда бірқатар өзгерістер болады. Massaget.kz тілшісі елдегі маңызды өзгерістерге шолу жасады.

  • Балаларға қордан ақша бөліне бастайды

1 ақпаннан бастап балаларға Ұлттық қордан қаржы бөліне бастайды. Бұл туралы Қаржы министрлігі өкілдері мәлімдеген еді.

"2024 жылы алдын ала есептеу бойынша 250 мыңнан аса жас қазақстандық оқу ақысын төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалана алады", - деген еді ведомство өкілдері.

pixabay.com

  • "Елорда жастары" бағдарламасына өтінімдер қабылданады

1 ақпанда Астанада "Елорда жастары" атты жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады.

Ол үшін birge.astana.kz сайты арқылы 1 ақпан сағат 9:00-ден 6 ақпан сағат 23:59-ға дейін өтінімдер қабылданады.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

  • Ақпанның басында Алматыда жолда жүру шектеледі

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтуіне байланысты 1-2 ақпанда жолда жүруге шектеу енгізіледі:

  • 1 ақпанда әл-Фараби даңғылы, ШААЖ, Құлжа тасжолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелері;
  • 2 ақпанда әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелері.

©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

  • Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады. Қарулы күштерге 600 адамды, ҰҚК Шекара қызметіне 80 адамды, ІІМ Ұлттық ұланға 42 адамды және ТЖМ-ге 30 адамды шақыру жоспарланып отыр. Құжатқа сәйкес 2024 жылы 752 запастағы офицер шақырылады.

Қаулы 9 ақпаннан бастап күшіне енеді.

  • Бес медициналық препаратқа тыйым салынды

Қазақстанда бес медициналық препаратқа тыйым салынды. Үкімет қаулысымен бақыланатын есірткі құралдарының, психотроп заттар мен прекурсорлардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Ал тиісті қаулы 6 ақпаннан бастап күшіне енеді.

  • Оқушылар демалысқа шығады

8 қаңтарда мектептерде ІІІ тоқсан басталды. Ал ақпанда 1-сынып оқушылары үшін қосымша каникул болады. Мұндай каникул жыл сайын беріледі. Биыл ол 7 күнге созылады, яғни 5 ақпаннан 11 ақпанға дейін болады.

  • Ақпанда ауа райы қандай болады?

Жалпы қыста Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады. Соның ішінде ақпанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын нормаға жақын немесе одан жоғары болады.

  • Ақпанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл ақпанда 29 күн болады, оның ішінде 8 күн демалыс, 21 жұмыс күні бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 529.94  course up  546.67  course up  5.21  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer