Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 марта 2019 19:43

10 баласы бар отбасы қайырымдылық ұйымы ұсынған бес бөлмелі үйден бас тартқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының мерекелік шығарылымы "Арулар - асыл жандар" деп аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының мерекелік шығарылымы "Арулар - асыл жандар" деп аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бес баланың анасы Әмина Рымхан үкіметтен жәрдемақы алады, ешкімге алақан жайып, көмек сұрамайтынын айтады. Осы жағдайына да шүкірлік етеді.

"Әр адам өз баласын жасынан еңбекқор болғызса, сол балалар өскенде өз ұрпағын солай еңбекқор етіп тәрбиелейді. Үкіметке сенемін әрине. Құдайға шүкір бермей отырған жоқ, беріп жатыр. Бірақ мен өзім ештеңе сұраған жоқпын. Мен бала-шағаның тәрбиесіне ден қойып, еңбекқор болып өсуіне барынша тырмыстым. Балам жақсы оқыды. Әрбір ата-ана баланы еңбекпен тәрбиелесе, онда бала жақсы оқитын болады деп ойлаймын. Барлық әйел затын осы наурыз мерекесімен құттықтаймын. Жастары ұзақ болсын және өз анашымды құттықтаймын!", - дейді Әмина Рымхан.

Сондай-ақ, "Харекет" қайырымдылық қорының мүшесі Ақтөре мырза қанша отбасына көмек бергендері жайлы айтты.

"Бір жарым жылда Астанада бес отбасы, ал бүкіл Қазақстан бойынша 80 отбасыға үй берілді. Жобаның аты - "100 теңгеге баспана", бірақ салымшылар қанша саламын десе де өз еркі. Бәлкім мың теңге салар, бәлкім 2000 немесе миллион теңге деген сияқты. Аллаға шүкір бір жылда 60 отбасыға үй беру мүмкін болды, ал Жаңа жылдан бері 20 отбасыға үй берілді. Барлық ақша бір есепшотқа түсіп отырады. Негізгі мақсатымыз - еліміздегі көпбалалы отбасыларды үймен қамтамасыз ету. Бізде арнайы талаптар бар - біріншіден қазіргі біздің алғашқы кезең сегіз баласы немесе одан көп толық отбасы болуы керек, бес баладан жоғары толық емес отбасы, одан кейін мүгедек отбасы, яғни отбасындағы баласы не ата-анасының бірі мүмкіндігі шектеулі болуы мүмкін. Біз олардың отбасына қанша табыс түсетінін және қанша шығын шығатынын есептейміз. Сонымен қатар, қанша жылдан бері баспанасыз жүргенін анықтаймыз", - дейді Ақтөре Серікбай.

Қайырымдылық қорының мүшесі көпбалалы бола тұра, сыйға берілген үйден бас тартқан отбасы жайлы айтып берді. 

"Бұл кісілерді біз тізімге алуға барғанбыз, таныспыз. Бізге әрдайым үйге мұқтаж жандар туралы хабарламалар келіп жатады. Бірақ бұл кісілерге көмек ұсынған уақытта олар былай деді: "Бізден де жағдайы төмен отбасылар бар, сол кісілерге бергендеріңіз дұрыс болар. Біз мемлекеттік бағдарлама тізімінде тұрмыз. Яғни біздің көмектен бас тартты".

10 бала тәрбиелеп отырған ата-ана не себепті аталмыш қор ұсынған көмектен бас тартқанын айтты. 

"10 балам болса да, Құдайға шүкір - дендері сау! Бұл кісілер көмек көрсеткен адамдардың қатты қуанғанын көрдім, алайда олардың балалары сал ауруына ауруына шалдыққан екен. Бізден де нашар өмір сүріп жатқан отбасылар бар ғой. Таяуда ғана "Харекет" қорынан хабарласып, Астана маңындағы бес бөлмелі үйді бізге беретіндерін айтты. Бірақ мен кешірім сұрап, баспананы үкіметтен алатынымызды айттым. 11 жыл болды кезекте тұрғанымызға. Бізден де жағдайы төмен отбасыларды көрдім, сол кісілерге бергендеріңіз дұрыс болар дедім", - дейді Мақсұт Құттығожин пен Жұмағалиева Гүлшат.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети