30 января 2020 12:15

15 есе көп қаражат керек - министр әр балаға төленетін жәрдемақы туралы

© Тұрар Қазанғапов

Алдағы уақытта бір, екі не үш баласы бар отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төлеу үшін 15 есе көп қаражат керек. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәжіліс депутаттарының Үкіметтің әлеуметтік мәселелерге жауапты министрліктерінің өкілдерімен кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы уақытта бір, екі не үш баласы бар отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төлеу үшін 15 есе көп қаражат керек. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәжіліс депутаттарының Үкіметтің әлеуметтік мәселелерге жауапты министрліктерінің өкілдерімен кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында парламент мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сауал жолдады. 

Реклама
Реклама

"Бір, екі және үш балалары бар барлық анаға мемлекет тарапынан бірдей әлеуметтік көмек көрсетілсе деген ұсыныс түседі. Осыған орай алдағы уақытта бір, екі, үш балалары бар отбасыларға ай сайынғы әлеуметтік төлемдерді төлеу немесе қандай да бір көмек көрсету жоспарларыңызда бар ма?", - деп сауал жолдады депутат. 

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бұл сұрақ халықпен кездесулерде жиі қойылады.

"Бұл сұрақты халық бізбен кездесулерде де қойып жатыр. Ол енді атаулы әлеуметтік көмекке емес, жаңадан көпбалалы жанұяларға жәрдемақы енгіздік. Қазір оны 370 мың жанұя алып жатыр. Енді төрт баладан аз, яғни, бір, екі, үш балалы отбасылар "бізге де сондай жәрдемақы енгізілсе" деген ұсыныс айтты. Ол сұрақ министрліктің ішінде әртүрлі тәсілдерін қарап, қаржыны да есептеп көріп жатырмыз. Алайда ол мәселе қаржы мүмкіндігіне байланысты.

Мысалы, бізде 370 мың көпбалалы отбасы бар. Соның ішінде аз қамтылғаны - 125 мың, үш есе артық. Ал енді бір, екі, үш балалы аз қамтылған отбасылар саны 190 мың. Ал Қазақстан бойынша бір, екі, үш баласы бар, табысына қарамай есептейтін болсақ, 2 миллион 904 жанұя бар, 15 есе көп. Сондықтан біріншіден, бұл мәселе 15 есе артық қаражатты талап етеді. Екіншіден, басқа дәулетті, жағдайы жақсы кісілерге де осы жәрдемақыны төлеу керек пе, жоқ па - ол да үлкен мәселе. Сондықтан біз әлі ешқандай шешімге келген жоқпыз. Бірақ оның бәрін қарастырып жатырмыз", - деді министр. 

АӘК берудің жаңа форматы. Жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

Министр елімізде бала мен анаға арналған көмек бар екенін атап өтті. 

"Ал жалпы біздің елімізде бала мен анаға көрсетілетін көмек бар. Ол қараусыз қалып жатқан жоқ. Балалы отбасылардың жәрдемақысы туралы бекітілген заң бар. Сәбидің дүниеге келгенінен бастап алты жәрдемақы түрі төленеді. Оған 365 миллиард теңге бекітілген және де бір, екі, үш баласы бар отбасылар егер табысы төмен болса атаулы әлеуметтік көмек алады. АӘК табысына байланысты", - деді Біржан Нұрымбетов. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram