Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 октября 2020 12:45

"16 станция қойылады". Нұр-Сұлтанда интернет мәселесі қалай шешілетіні айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда интернет пен ұялы байланыс желісі нашар учаскелерге арнайы 16 антенна қойылады. Содан соң мәселе жойылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының бөлім басшысы Даниал Айткенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұялы байланысты жақсарту үшін әкімдік Цифрлық даму министрлігі және байланыс операторларымен бірге діңгекті антенна құрылғыларын орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жылы біз ұялы байланысты жақсартатын 16 діңгекті антенна құрылғысын орнатуды жоспарладық. Яғни біз қала бойынша интернет, байланыс нашар орындарды анықтадық. Сол учаскелерге осы станцияларды қоямыз. Оларға ұялы байланыс операторларының базалық станциялары орнатылады. Бұл ұялы байланыс кезінде болатын қиындықтарды жояды деген ойдамын", - деді Даниал Айткенов әкімдіктің Facebook желісінде өткен онлайн-брифингінде.

Еске салайық, елорда тұрғындары қаланың кейбір ауданында ұялы байланыс пен интернеттің нашарлығына шағымданған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети