Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 июля 2021 15:38

18 жастағы жігітті мешітте зорлау ісінің мән-жайы айтылды

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Иллюстрациялық сурет pixabay.com © Иллюстрациялық сурет pixabay.com

"Нұр-Мүбарак" мешітінің бас имамы Кайрат Жолдыбайұлы Алматыда мешіт күзетшісі 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпараттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Нұр-Мүбарак" мешітінің бас имамы Кайрат Жолдыбайұлы Алматыда мешіт күзетшісі 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпараттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кайрат Жолдыбайұлы үндеуін Facebook-тегі парақшасыда жариялады. Ол "Нұр-Мүбарак" мешітінің қарауылы бала зорлады" деп тарап жатқан ақпаратқа түсінік беруді жөн санадым" дейді. 

"Осы ақпараттан кейін әлеуметтік желілерде мешіт қызметкерлерін кінәлайтын түрлі теріс пікір тарап кетті. Біріншіде, бала зорлады деген дерек әлі нақтыланған жоқ. Екіншіден, бұл оқиғаның "Нұр-Мүбарак" мешіті және жатақханамен тікелей қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Себебі аталған ғимараттар 6 гектар жерде орналасқан, осындай үлкен аумақты күзету үшін "Нұр-Мүбарак" университеті арнайы лицензиясы бар күзет агенттігімен ақылы негізде келісімшартқа отырған. Сондықтан осы аумақты күзету ісі агенттіктің мойнында", - дейді ол. 

Имамның сөзінше, оқиға болған кездің өзінде, жауапкершілік компания қызметкерлерінің мойнында екенін айтты. Сондықтан ол бұл мәселеге қатысты мешітті, оның қызметкерлерін кінәлау, олар жайлы теріс пікір жазу, ақпарат тарату орынсыз деді.

Кейін Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиға "Нұр-Мүбарак" мешітінде болмағанын, ал зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам күзетші емесін мәлімдеді.

"Нұр-Мүбарак" университетін және оқу орнына қатысты нысандарды "Скимен.KZ" компаниясының қызметкерлері күзетеді. Күдікті "Скимен.KZ" компаниясының қызметкері", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматыда мешіт күзетшісі 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікке ілініп, ұсталғаны хабарланған еді. Бұл туралы адвокат Айман Омарова Facebook-те жазды. Оның сөзінше, Оқиға "Нұр-Мүбарак" мешітінде болған, ал 18 жастағы жігіттің дамуында кідіріс бар, алайда өзі жүріп-тұра алады. 

"Ол ер адам мешіттегі бөлмесіне кіргізіп, қол-аяғын байлап, ұзақ уақыт ұстағанын және зорлық-зомбылық әрекеттер бірнеше рет жасағанын айтты. Полиция басқармасы мұндай адамды босатқалы отыр. (...) Жігіт оны бірден таныды. Мұның бәрі өте қиын. Мұндай жағдайдың мешітте болғаны өкінішті. Ол баланың сөйлеу қабілеті нашарлау екенін түсініп, оны пайдаланған", - деді Омарова.

Бостандық аудандық полиция басқармасына арыз 8 шілдеде түскен. Ол ҚР ҚК-нің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети