Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 декабря 2020 10:26

2021 жылы жер учаскесін алу тәртібін автоматтандыру аяқталады - Омаров

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: lentaregion.ru Фото: lentaregion.ru

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2021 жылы жер учаскесін алу тәртібін автоматтандыру аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2021 жылы жер учаскесін алу тәртібін автоматтандыру аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру тәуекелдерді төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мен жануарлардың өнімділігін арттыруға, агротехнологияларды уақтылы жоспарлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Ауыл шаруашылығын цифрландырудың негізгі міндеті - өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында халыққа түрлі қызмет түрлерін көрсету кезінде электрондық форматқа көшу қажетін атап өтті. Бұл тапсырманы іске асыру үшін министрлік халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, салалық бизнес процестерді автоматтандырды және оңтайландырды. Мәселен, бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 94 пайызы автоматтандырылды", - деді Омаров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда халыққа электронды форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 34 пайызға өсті. Сонымен қатар, ол елімізде ауыл шаруашылығы саласы белсенді түрде цифрландырылып жатқанын айтты.

"Қазақстан "Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру" ақпараттық жүйесіне деректер енгізе отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алудың бірыңғай жүйесін пайдаланатын Еуразиялық экономикалық одақтағы алғашқы ел. Жүйеде 35 миллионнан аса ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген, онда 4,5 мыңға жуық ветеринария мамандары жұмыс істейді", - дейді министр.

Омаров бұл жүйе одан әрі дамытылатынын, әрі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілетінін айтты.

"Мәселен ветеринариялық паспорттарды электрондық түрде беру туралы ережені заң бойынша бекіту Парламентте қаралып жатыр. Бұл норма ветеринариялық паспорттар беруді жеңілдетіп, оны алуды тездетеді, мемлекеттік шығыстарды айтарлықтай үнемдейді", - дейді ол.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Plem.kz ақпараттық талдау жүйесінде жүргізілетін мал шаруашылығындағы селекциялық және мал тұқымын асылдандыру жұмысын есепке алу бөлек цифрландырылғанын жеткізді.

"Нәтижесінде 35 мыңға жуық пайдаланушы шығу тегін растау, селекциялық жұмыстарды жүргізу және зоотехникалық оқиғаларды электронды форматта регламенттеу мүмкіндігіне ие болды. E-Agriculture бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің функционалы есебінен бизнес процестерді цифрландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған рәсімдер едәуір жеңілдетілді", - дейді Омаров.

Министр отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ішкі және сыртқы саудадағы басқа да қатысушылардың мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ, электронды ілеспе құжаттарды алуға мүмкіндігі барын атап өтті.

"Өсімдік шаруашылығында барлық 11 рұқсат беру құжаты цифрландырылды. Мал шаруашылығы саласында 12 рұқсат беру құжатының 10-ы электрон форматқа ауыстырылды. Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу, дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу процесі және микрокредиттерді кепілдендіру жөніндегі комиссияның жұмысы 100 пайыз автоматтандырылды", - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда барлық 16 бағыт бойынша, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 7 бағыт, мал шаруашылығы бағытында 4 бағыт және қаржы құралдары саласында 5 бағыт бойынша субсидиялау 100 пайыз автоматтандырылған.

"Ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды енгізудің әлемдік тәжірибесіне жасалған талдау агроөнеркәсіптік кешенін интернетке қосу елеулі экономикалық тиімділік беретінін көрсетеді.

Мәселен, егіншілік саласында түсімділікті арттырудың орташа көрсеткіші 10 пайыздан асады, қаражаттың орта есеппен алғандағы үнемделуі - 5-10 пайыз шамасында.

Ал мал шаруашылығында қаражаттың орташа үнемделуі 15-20 пайыз, цифрлық шешімдер мен технологияларды енгізу кезінде өлім-жітімнің төмендеуі және мал басының тиісінше 15 және 10 пайызға артуы байқалады", - дейді Омаров.

Министр бүгінде фермерлік шаруашылықтарды цифрландыру деңгейлері анықталғанын айтты.

"Өсімдік және мал шаруашылығы бағытында заманауи смарт-жүйелерді пайдалану оң нәтиже алуға мүмкіндік берді. Мәселен нақты егіншілік бойынша пилоттық объектілерде агрономияның жаңа технологияларын қолдану арқылы өнімді 20 пайызға артық алуға мүмкіндік туды, бұл ретте фермер шығындары 15 пайыздан астам қысқарды. Сонымен қатар, заманауи жабдықтарды қолдану сауылатын сүт көлемінің 20 пайыздан астам артуына әсер етті, бұзау саны 25 пайызға өсті", - дейді министр. 

Омаров агроөнеркәсіптік кешендегі процестердің 5 жыл ішінде толықтай цифрландыру қандай нәтиже беретініне тоқталды.

"Жалпы түсім 20 пайызға ұлғаяды, еңбек өнімділігі 50 пайызға артады", - дейді ол.

Ведомсво басшысы жер қатынастары бойынша ел басшылығы халықтың жер ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бірқатар нақты тапсырма бергенін де айтты.

"Жер қатынастарын басқарудың базалық құралы Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып саналады, онда жер учаскелері бойынша электрондық форматта 6,5 миллион мәлімет, оның ішінде топырақтық, геоботаникалық және ауыл шаруашылығы карталары сақталады.

Халыққа жер қатынастары саласында көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің 15 түрінің 12-сі осы жүйе арқылы көрсетіледі", - дейді ол.

2021 жылы жер учаскесін алу тәртібі автоматтандырылады

Министр жер қатынастары саласындағы өзекті проблемалардың бірі жер учаскесін алу кезіндегі кезекке қоюды тәртіпке келтіру болып саналатынын айтты.

"2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды автоматтандыруды аяқтау жоспарланып отыр", - дейді Омаров.

Оның айтуынша, бүгінде жерді цифрландыру мәселелері бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

"2020 жылдың соңына дейін 26 миллион га алаңда топырақтық, 25 миллион га алаңда геоботаникалық, 6,5 миллион га алаңда ауыл шаруашылығы карталары әзірленеді. 2021-2022 жылдары топырақтық және геоботаникалық карталармен қамтуды 40 миллион гектарға дейін, ауыл шаруашылығы карталарымен қамтуды 33,2 миллион гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр", - дейді министр.

Омаров Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу шеңберінде цифрлық ауыл шаруашылығы карталарымен қамту жоспарланып отырғанын айтты.

"Мемлекет басшысының жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Жерді қашықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін ғарыштық мониторингтеу жөніндегі пилоттық жоба жүргізіліп жатыр.

 2020 жылы пилоттық өңірлер ретінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстары айқындалды.

Мәселен, пилоттық өңірлерді ғарыштық мониторингтеудің бірінші кезеңінің деректері бойынша 8,3 миллион га пайдаланылмайтын жер анықталды, оның ішінде 2,6 миллион га жайылым ерікті түрде мемлекеттік меншікке қайтарылды, 5,7 миллион га жер иелеріне заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді", - дейді ол.

Министр осы жобаны жүргізу барысында министрлік жерді ұтымсыз пайдалануды айқындау әдістемесін одан әрі жетілдіру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети