Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 апреля 2020 12:16

42 500 теңге: алаяқтар қалай алдап соғуы мүмкін екені айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың арасында 42 500 теңге төлемақы алуға өтініш берген кезде ата-анасының не досының есепшотын көрсеткендер бар. Мұндай өтініштер қабылданбайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтардың арасында 42 500 теңге төлемақы алуға өтініш берген кезде ата-анасының не досының есепшотын көрсеткендер бар. Мұндай өтініштер қабылданбайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Себебі алаяқтар кез келген адамның аты-жөні мен ЖСН-ін пайдаланып, өзінің есепшотын көрсетіп, төлемақыны өзіне аударып алуы мүмкін. Мұндай жағдай болмауы үшін министр тұрғындардан жеке өз ЖСН-і мен есепшотын ғана көрсетуді сұрады. Себебі аты-жөні, ЖСН және есепшот сәйкес келмесе, төлемақы аударылмайды.

"Есепшоттарды дұрыс көрсетпей жатырсыздар. Басқа адамның есепшотын көрсетіп жатырсыздар немесе мүлдем атымен жоқ, жабылып кеткен, мысалы "Наурызбанк" деген банк болған, сол банктің есепшотын көрсетіп жатырсыздар. Әрине, сол шоттарға біз аудара алмаймыз. Өзіңіздің есепшотыңыз болу керек. 

Бұл жерде тағы да бір айтып кететін... Кісілер айтады: "Неге өзімнің жақыныма, досымның, ата-анамның, баламның есепшотына аудара салмайсыздар?" деп. Біз ондайға рұқсат бере алмаймыз. Себебі, иә, сіз таза адамсыз. Қазір соны алу үшін балаңыздың не досыңыздың есепшотын көрсеткіңіз келіп отыр. Бірақ басқа жағынан қарасаңыз, алаяқтар мұнымен пайдаланып кетуі мүмкін. Мысалы, алаяқтар сіздің аты-жөніңізді, ЖСН-іңізді бір жерден тауып алып, өз карасын көрсетіп, сіздің атыңыздан өтініш беріп жіберсе ше? Сол кезде сізге тиісті ақшаны алаяқ алып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл жерде әркімнің өз есепшоты болуы тиіс", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Сонымен қатар, Нұрымбетовтің айтуынша, 60 мыңнан аса адам өтініш берген кезде ЖСН-ді дұрыс көрсетпеген. Сәйкесінше, бұл өтініштерге де төлемақы аударылмайды.

"Біраз кісі өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін дұрыс көрсетпей жатыр. ИИН дейміз. Ол дұрыс көрсетпесе, ондай адам жоқ деген сөз. Сондықтан, бұл - қате бергендер. Мұны біз қайтаруға мәжбүрміз. Оны тексеріп алуымыз керек. 60 мыңнан аса осындай адам бар", - деді еңбек министрі.

Еске салайық, бұған дейін Біржан Нұрымбетов қайтыс болған және елден көшіп кеткен адамдардың атынан 42 500 теңге төлемақы алуға өтініш берген жағдайлар кездескенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.52   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети