Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 мая 2020 12:48

42 500 теңге: осыған дейін төлем қанша адамға берілді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев © Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті қанша адам алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті қанша адам алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасовтың сөзінше, әлеуметтік төлемді алуға жалпы 8 миллионға жуық өтініш түскен. 

"Жалпы 8 миллионға жуық өтініш түсті. Оның ішінде 4,6 миллион адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Құрылымы бойынша қарастырар болсақ, оның ішінде, 40 пайызы - жалдамалы қызметкерлер, 400 мыңға жуық жеке кәсіпкер, сондай-ақ бірыңғай жиынтық төлем төлегендер, жеке кәсіппен айналысатындар және келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер. Айта кетейік, бұл әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезіне тағайындалған. Сондықтан барлық өтініш тек 11 мамырға дейін қабылданды. (...) Жалпы 194,2 миллиард теңге көлемінде төленді. Бірінші айда 3,7 миллион адам алса, 2,9 миллион адамға бұл көмек екінші рет берілді", - деді ол ОҚК брифингінде. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде COVID-19 вирусы жаппай таралмауы үшін 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялаған. Кейін 11 мамырға дейін ұзартты. Осыған байланысты індетпен күрес үшін құрылған арнайы мемлекеттік комиссия жұмыссыз қалған және бұған дейін жұмыссыз болып келген азаматтар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлемақы тағайындаған болатын.

11 мамырдан бастап Қазақстанда 42 500 теңге алу үшін өтініш қабылдау аяқталғаны хабарланған

42 500: Қосымша сұрақтар бойынша қайда жүгінуге болады?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети