1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

"42500 теңгенің жартысы". Қазақстандықтар тамызда төлемақы ала ма?

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов карантиннің ұзартылуына байланысты қазақстандықтарға 42500 теңгенің жартысы берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бар. Карантиннің 2 аптаға ұзартылуына байланысты төлем міндетті түрде болады. Бірақ жарты сома, яғни 42500 теңгенің жартысы - 21 250 теңге. Оны біздің азаматтар міндетті түрде алады", - деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті карантин режимін ұзартуды тапсырған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар.Telegramжелісінде бізге жазыл!