Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 ноября 2020 14:20

"5 мың компьютерді қымбатқа сатып алған". Ақтөбе білім басқармасы ақпаратқа түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay.com © Pixabay.com

Желіде Ақтөбе облысы білім басқармасы екі жыл бұрын 5 мың компьютердің әрқайсын 250 мың теңгеге сатып алғаны, бірақ оның нарықтағы бағасы 149 мың теңге болғаны айтылған ақпарат тарады. Ақпаратты "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі таратқан. Tengrinews.kz тілшісі осы жағдайдың мән-жайын білді білді.


Желіде Ақтөбе облысы білім басқармасы екі жыл бұрын 5 мың компьютердің әрқайсын 250 мың теңгеге сатып алғаны, бірақ оның нарықтағы бағасы 149 мың теңге болғаны айтылған ақпарат тарады. Ақпаратты "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі таратқан. Tengrinews.kz тілшісі осы жағдайдың мән-жайын білді білді.

"149 мың теңгенің компьютерлерін 250 мыңға алған"

"Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің мәліметінше, 2018 жылы облыстық білім басқармасы 5 мың компьютердің әрқайсын 250 мың теңгеге сатып алған. Сол кезде әр техниканың нарықтағы бағасы 149 мың теңге болған екен. Басқарма бұл ноутбуктарды жеткізу үшін жекеменшік компаниямен келісімшарт жасасқан. 

Мұны Ақтөбедегі арнайы мониторинг тобы тексерген. Топтың төрайымы Тәттігүл Талаева Білім басқармасындағы компьютерлерді неге тексергенін түсіндірді. 

"Бұл компьютерлерге қомақты қаражат кетті, оның үстіне қазір қашықтан оқыту режимі бар. қоғам үшін өзекті болғасын біз оны тексердік. Біздің мақсатымыз - алынған зат сапалуы болуы керек. Президент бюджет қаражатын тиімді қолдау керек екенін айтқан. Біз соған қараймыз. Біз мониторинг жасаған компьютерлердің сапасы өте нашар. Құны сапасына сай келмейді. Біз қараған компьютерлер үш жылға жалға берілген. Осы уақыт ішінде бюджеттен ақшасы төленіп жатыр. Олар Білім басқармасының иелігінде қалуы керек. Бірақ келісімшартта компьютердің құқығы басқармаға қашан өтетіні жазылмаған. Яғни, кез келген уақытта компьютерлерді қайта алып кетуі мүмкін", - дейді арнайы мониторинг тобының төрайымы. 

Оның айтуынша, мониторинг тобының ведомствоға айып тағуға өкілеттілігі жоқ. Олардың міндеті - заңсыз істерді әшкереу.  

"Бізде білім басқармасына айып тағатын өкілеттілік жоқ. Біз тек осы деректі анықтаймыз. Кейін тиісті органдар өздері шешім қабылдайды", - дейді Тәттігүл Талаева. 

"Барлық құжаты сақтаулы"

Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Біз де бұл ақпаратты сайттардан оқып отырмыз. 2018 жылы 5 мың компьютер сатып алынғаны рас. Олар мемлекеттік сатып алудың сервистік қызмет бөлімі бойынша алынды. Сол жылы Президент жолдауында "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында компьютерлерді жаңарту айтылған еді. Компьютер сатып алу сол бағдарламаға кірді. 5 мың компьютерді оқу процесіне қажетті минимал талаптарға сай алдық", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы.

Оның сөзінше, әр компьютердің құжаты сақтаулы тұр екен.

"Әр компьютердің техникалық сипаттамасы жазылған, мемлекеттік сатып алу басқармасы өткізді. Білім басқармасы мұндай үлкен сомадағы заттарды өздігінен сатып ала алмайды. Бұл ақпарат жалған. Мұндай ақпарат не үшін таратылғанын білмеймін", - дейді ол.

Сонымен қатар, Ләззат Оразбаева 5 мың компьютер үшін қанша төленгенін де айтып берді.

"Оларды үш жылға бөліп төлеу қызметі бойынша сатып алдық. 2018 жылы 5 мың компьютердің бәрі мектептерге таратылды. Алғашқы жылы 48 000 700 теңге төленді. Былтыр 600 миллион теңге, биыл да 600 миллион теңге төлеу қарастырылған. Ай сайын төлеп жатырмыз", - деді басқарма басшысы.

Анықтама облыс әкіміне жіберілген

Бұл ақпарат бойынша қандай да бір тексеріс болар-болмасын білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарластық. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мақсат Абекеновтің айтуынша, бұл анықтама облыс әкімі мен аудит департаментіне жіберілген.

"Білім саласына қатысты мониторингтік жұмыс Республикалық арнайы моониторингтік топ өкілдерінің Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары барысында, облыстық АМТ мүшелерімен бірлесіп жүргізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша анықтама дайындалып, облыс әкіміне және Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Нәтижесін күтіп отырмыз", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети