04 апреля 2019 | 16:42

50 жастан кейін жұмыс табу қиындап кеткен - Саясаттанушы

© pixabay.com

БҰҰ мәліметіне сүйенсек, 2035 жылы әлемде 65 жастан асқан адамдардың саны 1 миллиардтан асып түседі. Бұл көрсеткіштің артында қарт адамдарға деген жұмыс жағынан шеттету мәселесі бой көтеріп тұр. Бұл жағдайды орнықтыру үшін мемлекеттер зейнетақы жасын ұлғайтып жатыр. Оған қоса заман ағымына қарай технологияның дамуы қарт адамдарды қоя тұрғанда, жастардың өзін жұмыссыз қалдыруы мүмкін деген болжам жиі айтылып келеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ мәліметіне сүйенсек, 2035 жылы әлемде 65 жастан асқан адамдардың саны 1 миллиардтан асып түседі. Бұл көрсеткіштің артында қарт адамдарға деген жұмыс жағынан шеттету мәселесі бой көтеріп тұр. Бұл жағдайды орнықтыру үшін мемлекеттер зейнетақы жасын ұлғайтып жатыр. Оған қоса заман ағымына қарай технологияның дамуы қарт адамдарды қоя тұрғанда, жастардың өзін жұмыссыз қалдыруы мүмкін деген болжам жиі айтылып келеді. 

Бұл мәселе экономикасы дамыған елдерді де айналып өтпейді. Олардың қатарында АҚШ, Германия, Жапония, Қытай сынды елдер де бар. Tengrinews.kz тілшісі әлемдегі және Қазақстандағы зейнет жасынан асқан адамдардың еңбек мәселесін және олардың қаншасы жұмыс істеп жүргені туралы мәліметтер жинады.

Реклама
Реклама

Бұл мәселе көп мемлекеттердің бас ауруына айналып, Еурокомиссия мүшелері Еуропа елдеріне зейнет жасындағы адамдардың саны жалпы еңбекке жарамды адамдардың үштен бір бөлігінен аспауы тиіс деп мәлімдеген. Сондай-ақ бұл мәселенің екінші қыры қарт жастағы адамдардың жұмыстан шеттетілуі. Бұл жағдай Қазақстандыда айналып өтпесі анық.   

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2018 жылғы мәліметіне сүйенсек Қазақстанда 2 миллион 54 мың 605 зейнеткер бар. Статистика комитетінің іріктемелі зерттеу қорытындысына сүйенсек елімізде 65 және одан асқан 1 356 960 зейнеткер бар, олар жұмыс істемейді.

Ал осы іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша 65 және одан асқан адамдардың 59 032-сі жұмыспен қамтылған. Айта кетейік, олардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны - 42 090. Статистика комитетінің қызметкерлері тілшімізге берген сұхбатында іріктемелі зерттеу қорытындысы нақты көрсеткіш болып саналмайтынын ескертті.  

Саясаттанушы Айдос Сарымның ойынша, мемлекет, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен жалпы қоғам болып зейнет жасындағы адамдардың еңбек, қоғаммен араласу мәселесін түзеп, оларды шеттетпеу керек.

"Негізі еліміз жас мемлекеттер қатарынан шығып, егде мемлекеттер қатарына кіруі керек. Бұл статистика және басқа мағлұматтарға сүйенетін болсақ, егер қартаю үдерісі жүре беретін болса, яғни жастардың саны кеміп, қарттардың саны арта беретін болса жалпы мемлекетіміздің бюджетіне артық салмақ болады" - дейді саясаттанушы.

Ол бұл жөнінде бірнеше мәселеге назар аударды. Оның айтуынша, қоғамда ақсақалдар немесе қариялар институты қалыптаспаған, яғни мүлдем жоқ.

"Бұл үлкен проблемаға айналып бара жатыр. Қазіргі кезде әртүрлі болып жатқан үдерістерге олардың қатысуы шектеліп жатыр. Мысалы: урбанизация, дәстүрлі қатынастар, балалары мен немерелерін асырауы, үлкендерге құрмет сияқты үдерістер азайып жатыр", - дейді ол. 

Саясаттанушының ойынша, мектептегі аттестациялау сияқты шаралар егде жастағы мұғалімдердің жұмыстан босатылуына себеп. Ал олардың орнын тәжірибесі, білігі аз жастар алып жатыр.

Айдос Сарымның сөзінше, оларды шеттетпей, ұлттық тәрбие жұмыстарына, яғни мектеп, балабақшаларға өзінің білген-түйгенін бөлісетіндей орналастыру қажет.     

"Негізі біздің мемлекетте заманға сай қартаю мәдениеті қалыптаспаған. Зейнетке шыққан адам да қоғамның белсенді мүшесі деген көзқарас бізде қалыптаспаған сияқты. Бұл мәселе қоғамдық тұрғыда зерттелетін және талқыланатын және қолдау табатын мәселе болуы тиіс. Сондай-ақ ол адамдардың әр тұрғыда пайдалы деп саналатын тәжірибесінің потенциалын қолдануымыз керек", - дейді ол.

Сарапшы осы тұрғыда дамыған елдердің саясатын да пайдалану дұрыс шешім екенін айтты. Ол Франция сияқты елде немерелерін бағып-қағатындарға мемлекет тарапынан қосымша ақшалай жәрдемақы берілетінін еске салды. Оның ойынша, осындай бағдарламалар біздің елде де қабылдануы керек. 

"Кейбір елдерде жалғызбасты егде жастағы адамдарды жетімдермен бірге орналастырады. Осы арқылы жетім балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі артады екен. Ал керісінше егде жастағылар оларға өз тарапынан кеңес беріп, оларға жақсы тәрбие береді деген концепциялар да бар", - дейді Айдос Сарым.

Саясаттанушы мемлекет, қоғам болып зейнетке шыққан, тіпті 50 жастан кейін оларды экономикалық, әлеуметтік айналымнан шығарып тастамай, қоғамның белсенді мүшесі болатындай институт қалыптастыру қажет деп санайды. Оның ойынша, қазіргі кезде 50 жастан кейін де жұмыс табу қиындап кеткен. Сол үшін қарттар үшін инфрақұрылым жасап, оларды қоғамның белсенді мүшесіне айналдыру керек.

Автор: Мақсат Мамбетжан

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная