Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 марта 2020 16:15

Абаев коронавирустан айыққан екі қазақстандық туралы ақпарат сұрамауды өтінді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: reuters Фото: reuters

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан айыққан екі қазақстандық туралы ақпарат сұрамауды өтінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол тікелей эфирде таралған брифинг барысында айтты.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан айыққан екі қазақстандық туралы ақпарат сұрамауды өтінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол тікелей эфирде таралған брифинг барысында айтты.

25 наурызда 2 емделушінің коронавирустан жазылып, ауруханадан шыққаны хабарланған еді. Олардың біреуі Алматы, біреуі Нұр-Сұлтанда емделген. Алайда басқа мәліметті таратуға болмайды.

"Сондықтан дәрігер құпиясын сақтау жөнінде еске саламыз. Ешкім коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер сол азаматтардың орнына өзіңізді қойып көріңіздер. Бұл адамдардың барлығы - өз азаматтарымыз. Олар өзіне қатысты жеке мәліметтерді жарияламауға құқығы бар. Біз оны сыйлауымыз керек.

Сонымен бірге, егер ол адамдар туралы қандай да бір ақпарат тапсаңыздар, ол кісілердің рұқсатынсыз ешкімге бермеуге сұраймыз. Оларды емдеу тәртібі туралы журналистерге дәрігерлер айтып береді. Мұндай сұхбат ұйымдастыруға дайынбыз, - деді министр.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 97 адам коронавирус жұқтырған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети