Абай аулындағы сұмдық: қысым көрсеткен әйел қалай жазаланғаны анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Абай аулында зорланған баланың әжесі Абай аулында зорланған баланың әжесі

Түркістан облысы Абай аулында немересі зорланған кейуананы сотталып кеткен жігіттің туыстары мазалап жүргені туралы ақпарат шыққан. Желіде оның видеосы да тараған болатын. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Абай аулында немересі зорланған кейуананы сотталып кеткен жігіттің туыстары мазалап жүргені туралы ақпарат шыққан. Желіде оның видеосы да тараған болатын. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, видеодағы оқиға 2019 жылы болған.

"Құқықбұзушы келестік әйелдің әрекетіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс-құжаттар жинақталып, әкімшілік сотқа жолданған. Нәтижесінде сот теріс қылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ляззат Ракишева (@lyazzatrakisheva)

Сонымен қатар, баланың әжесі таяуда бұл жағдай бойынша тағы да арызданған. Бірақ ол кезде кейуананы сотталған баланың анасы мазалағаны расталмаған.   

"Жергілікті тұрғын Келес аудандық полиция бөліміне арызданып, сотталған баланың анасы мазалап, қорқытатынын айтқан. Полиция қызметкерлері арызды бірден тіркеп, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде арызда көрсетілген жайттар расталмады. Учаскелік инспекторлар тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстары жүргізген уақытта, көршілері әйелдердің арасында болған ешқандай дау-жанжал туралы білмейтінін және естімегенін айтып өткен. Сондай-ақ, сотталған баланың анасы өз тұрғылықты мекенжайынан басқа аймаққа қоныс аударғаны белгілі болды", - деді полициядағылар.

Еске салайық, бұған дейін зорланған баланың әжесімен сөйлесіп, мақала жариялаған едік. Ол немересін зорлады деп 7 жылға сотталған баланың анасы мен туыстары ішіп келіп, үйінде айқай шығаратынын айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 19
Астана 12
Актау 24
Актобе 17
Атырау 24
Б
Балхаш 16
Ж
Жезказган 15
К
Караганда 10
Кокшетау 13
Костанай 25
Кызылорда 12
П
Павлодар 9
Петропавловск 16
С
Семей 17
Т
Талдыкорган 21
Тараз 25
Туркестан 19
У
Уральск 16
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 20

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer