ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
25 ноября 2020 | 13:35

"Адам араласуына болмайды". Бозжыра шатқалындағы қонақүй салу мәселесі қалай өрбіді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қоғамда Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақүй салу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Көптеген адам құрылыс жұмыстары басталса шатқал маңында жүретін сирек кездесетін жануарлар қашып кететінін айтып, дабыл қағып жатыр. Шатқалда қонақүй салу мәселесі қалай өрбіді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Иконка комментария блок соц сети

Қоғамда Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақүй салу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Көптеген адам құрылыс жұмыстары басталса шатқал маңында жүретін сирек кездесетін жануарлар қашып кететінін айтып, дабыл қағып жатыр. Шатқалда қонақүй салу мәселесі қалай өрбіді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Бозжыра - Бекет-ата мешітіне барар жолда кездесетін сұлулығы көз тартар, пейзажы қайталанбас ерекше мекен. Бұл мекеннің аумағы шамамен 316 141 гектар болса, ал тауларының биікті 180-200 метрге дейін жетеді.

Үстірт арқары, қарақұйрық сияқты жануарлар осы өлкені тұрақты мекендеп, емін-еркін жайылады. Ал таяуда Үстірт қорығында алдыңғы Азия алабарысы жүргені белгілі болды. Қоғам белсенділері құрылыс жұмыстары басталса шатқал Үлкен Алматы көлінің тағдырын кешіп кете ме деп алаңдап отыр. Экобелсенді Сәкен Ділдахметтің сөзінше, Үлкен Алматы көлінде 10 жыл бұрын жабайы жануарлар өріп жүрген.

"Қазір оның бір де бірін кездестірмейсіз. Себебі Үлкен Алматы көліне көліктермен кіреді де оның даусынан жануарлар қашып, Қырғызстан, Қытайға кетіп қалды. Өзіміздің табиғатымызға өз қолымызбен қиянат жасап отырмыз", - дейді ол.

Қоғам реакциясы

Бозжырада қонақүй салу мәселесіне блогерлер мен қоғам белсенділері қарсы шығып жатыр. Солардың бірі саяхатшы-блогер Нұржан Алғашов. Оның айтуынша, әлем бойынша өте сирек кездесетін ерекше табиғи ландшафтта қонақүй салу қажеттілігі жоқ.

"Шын мәнінде ол жердегі пейзажға көз тоймайды. Оған адамның араласуына болмайды. Мейлі ол қонақүй болсын, уақытша киіз үй немесе палатка болса да, құрылыс жүрмеуі керек. Әсіресе Бозжыраның маңында бетон қонақүй салу миға қонымсыз. Біріншіден, жалпы көрініс бұзылады. Екіншіден, Бозжыраның маңында құрылыс жұмыстары жүргізілсе, ауыр техника мен бірнеше тонна құрылыс материалдарын алып келеді. Бұл жануарлар әлеміне кері әсер етеді. Себебі ол жерде үстірт арқары, қарақұйрық секілді жануарлар жүреді. Яғни олар техниканың даусынан қорқып, қашып кетуі мүмкін", - дейді блогер.

Нұржан Алғашов шатқал жақта қонақүй салған күннің өзінде, оны жолға жақын салу керегін айтады.

"Егер қонақүй салатын болса, ол жалпы көріністі бұзбайтындай етіп салу керек. Оны жолдың жанынан салу керек. Турист келіп, қонақүйде тоқтап, түнеп, келесі күні Бозжыраға барып, қайтып кететіндей жоспарлау керек. Ал Бозжыраның жанынан мүлде қонақүй салуға болмайды.

Меніңше, ол жерге асфальтталған жол да керек емес. Яғни экотуризмді жақсы көретіндер үшін ол жақсы жол. Бұл туристік нысандар тек экотуристер үшін қызық екенін түсіну керек. Сәйкесінше жол экотурист үшін ешқандай мәселе тудырмайды", - дейді блогер.

Экобелсенді Сәкен Ділдахмет те шатқан маңында қонақүй салудың қажеті жоғын, ал шетелден келетін туристер палатка құрып, жабайы табиғаттың ортасында қаладан, жұмыстан, әлеуметтік желіден тынығу үшін келетінін айтады. 

"Бүгінде Бозжыра шатқалындағы қонақүйдің салынып, оған миллиондаған қаржының жұмсалуы - үлкен проблеманың бірі. Себебі Бозжыра шатқалының өте керемет ландшафты бар, оны тек қазақстандықтар емес, бүкіл әлем туристері келіп көреді. Олар үшін Бозжыраның түбінде бес жұлдызды қонақүйде жату қызық емес. Оларға баяғы көшпенділердің өмірін көру, олар мекен еткен сайын далаға бару қызық", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Шатқалда қонақүй салу мәселесін кім көтерді?

Бозжырада қонақүй салу - бұл тек инвесторлардың ұсынысы. Шатқалда қонақүй салынатыны туралы ақпарат биыл жетінші қарашада тараған болатын.

"Маңғыстаудағы Rixos қонақүйінің инвесторлары облыс аймағында "Бозжыра сафари қонақүйі" бірегей жобасын ұсынды. Бүгінде аталған қонақүйді жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады, яғни жоба дайын болғаннан кейін қоғамдық тыңдауға жіберіледі", - деді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Артынша әлеуметтік желіде Бозжыра шатқалының маңында құрылыс жұмыстары басталып кеткені туралы видео тараған болатын. Алайда Kazakh Tourism ұлттық компаниясының өкілі Ержан Еркінбаев Instagram желісіндегі парақшасында бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын.

"Егер құрылыс заң нормаларын бұзып және қоғамның келісімінсіз басталса, біз Бозжыраны сақтап қалатындардың бірі боламыз. Біз еліміздегі туризмның дамуын және оның картасында ерекше турнысанның пайда болуын қолдаймыз, бірақ ол табиғатқа зиян келтірсе, бізге ондай "пайданың" қажеті жоқ", - деді ол.

Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі де шатқалда қонақүй салу мәселесі қоғамдық талқылаудан өтпей қарастырылмайтынын жеткізді. Министрлік бүгінде Бозжырада қонақүй салу мәселесі жоспарда жоғын, тек туристер түнеуге арналған қону пункті жоспарланып жатқанын айтты.

12 қарашада пайда болған видео Желі қолданушыларын тағы да ойландырып қойды. Маңғыстау облысында экотур ұйымдастырумен айналысатын саяхатшы Сергей Хачатрян Instagram желісіндегі парақшасында Бозжыра маңында тұрған ұсақталған тастардың видеосын бөліскен. Желі қолданушылары бірден бұл құрылыс жұмыстарының алғашқы қадамы деп топшылаған. Алайда өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі қоғамдық талқылау жүрмейінше ешқандай құрылыс жұмысы басталмайтынын тағы да ескертті.

Көп ұзамай қоғам арасында қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев қоғамның пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді. Артынша Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың шешімі туралы айтты.

"Жақында Бозжыра табиғи қорығының жанынан қонақүй салу жобасы ұсынылды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде қорықтың айналасындағы туризм табиғатты қорғау шараларын сақтамай, бейберекет дамып жатыр. Бұл осы ерекше табиғат қорағына орасан зиянын тигізуде. Президент экологиялық туризмді өркениетті жолмен дамытуды қолдайды. Ол үшін қажетті инфрақұрылым, ең алдымен, жайлы қонақүйлер қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырды. Бірақ, бұл жоба осымен тоқтайды дегенді білдірмейді. Қоғамдық кеңестердің, эколог сарапшылардың және мемлекеттік ведомстволардың ой-пікірлері ескеріле отырып, қонақүй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады", - деп жазды Берік Уәли.

Кейіннен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов та Бозжырада туризмді ұйымдастыру үшін қонақүй қажет екенін айтты.

"Қазір біз осы жобаны қоғамдық кеңесте, қоғам белсенділерімен талқылау үстіндеміз. Жалпы ол жерде туризмді ұйымдастыру үшін қонақүй қажет. Себебі біз жергілікті бюджеттен қаражат бөле отырып, ол жерге жол тартамыз. Автотұрақтар салынады. Ол жерде келіп-кететін адамдарды реттеп отыру үшін, әртүрлі экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін бұл жұмыстарды өзіміз реттеуге барлық жоспарымызды жасақтап отырмыз. Сондықтан да Бозжыра маңындағы табиғи аймақты тамашалау үшін келетін туристерге жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты алда қоғамдық кеңесте қоғам белсенділерімен талқылап, іске асыратын боламыз", - деді Серікбай Трұмов ОКҚ алаңында.

Облыс әкімінің сөзінше, қонақүй шатқалдың жанынан емес, шамамен 1,5 шақырым жерден салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 497.18   525.54   4.97 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети