Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 июня 2020 16:00

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл отбасындағы зорлық-зомбылық неден шығатынын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова отбасында зорлық-зомбылықтың неден туындайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова отбасында зорлық-зомбылықтың неден туындайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, зорлық көрген әйелдер өз арыздарынан бас тартады екен. Оған бірнеше себеп бар.

"Әйелдердің қылмыстық, азаматтық істерге қатысудан бас тартқаны туралы деректер бар. Өкінішке қарай, олар берген арызынан да бас тартып жатады. Бұл ең алдымен экономикалық мүмкіндіктің, тұрақты табыстың болмауымен байланысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер жұмыс істемейді. Оларды тәртіп бұзатын, зорлық көрсететін адамдар асырап отыр", - деді ол ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook желісінде өткен онлайн дөңгелек үстелде.

Эльвира Азимова оған статистика деректері дәлел екенін жеткізді. Сонымен қатар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл отбасындағы зорлық-зомбылықтың болуына тұрмыстың нашарлығы, білімнің төмендігіне де ықпал етенін атап өтті.

"Менің ойымша, жұмыс тобындағы, үкіметтік емес ұйымдардағы әріптестерім бұл деректі растайтын шығар. Зорлық-зомбылықтың болуына ішімдікті шектен тыс ішу ғана емес, сондай-ақ отбасындағы экономикалық жағдайдың және білім деңгейің төмен болуы ықпал етеді", - деді уәкіл.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде карантин кезінде отбасылық зорлық-зомбылық 20 пайызға өскені хабарланған еді

Сондай-ақ, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күйеуінен соққы көрген әйелдердің жартысы арызын қайтып алатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети