"Әлі ерте, еркелік қой". Логопед бала тілінің кеш шығуына не себеп болатынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: depositphotos/belchonock Фото: depositphotos/belchonock

Баланың тілі неге кеш шығады? Мұндай жағдайда неге назар аудару керек? Баланы қай жастан мамандарға көрсету керек? Massaget.kz тілшісі бұл туралы логопед Аяулым Бақытовамен сұхбаттасты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Баланың тілі неге кеш шығады? Мұндай жағдайда неге назар аудару керек? Баланы қай жастан мамандарға көрсету керек? Massaget.kz тілшісі бұл туралы логопед Аяулым Бақытовамен сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Жүсіпбек Аймауытұлының айтуынша, бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады. Сәби кішкентай кезінен бастап, өзінің қажеттілігін дыбыстар арқылы жеткізеді. Ал ол өсе келе, дыбыстан сөйлеу деңгейіне жетеді. Бала 2 жасқа дейін уақытының 85 пайызын анасымен бірге өткізеді", - дейді ол.

Логопед маманның айтуынша, 1 жастағы бала кемінде 10-15 сөзді, 2 жастағы бала 300-дей сөзді анық айтып, ал 3 жастан кейін еркін сөйлей алуы керек.

"Анасы осы уақыт аралығында баланың әріптерді анық айта алуына алғашқы көмекші адам ретінде септігін тигізеді. Егер баланың 3 жасқа дейін тілі анық шықпаса, ата-ана баланы тиісті мамандарға көрсеткен жөн. Өкінішке қарай, кейбір ата-ана 3 жасқа дейін баласы сөйлемесе де, "әлі ерте, бала ғой, тілі шығып кетеді, еркелік қой" деп алаңсыз жүре береді. Алайда бұл оның алдағы уақытта ойлау қабілетіне белгілі әсерін тигізуі мүмкін. Себебі сөйлеу мен ойлау қабілеті бір-бірімен тығыз байланысты", - дейді Аяулым Бақытова.

Маман сөзінше, бала тілінің дамуында тежеліс немесе сөйлеу белсенділігінің болмауы көп жағдайда қоршаған ортаның әсерінен де болады.

Бала тілінің кеш шығуы әртүрлі себептерге байланысты:

  • ең алдымен, ана жүкті кезге дейін және жүкті кезінде денсаулығына аса көңіл бөлуі қажет. Себебі жүкті кезінде жұқпалы ауруға шалдығуы немесе күйзеліс, депрессияда болуы, ішімдікке салынуы секілді фактордың барлығы айналып келгенде теріс әсерін тигізеді.
  • Сондай-ақ, ұзақ уақыт емізік емген бала таңдайының дұрыс қалыптаспауы және тұқымқуалаушылық себептерден оның тілі дұрыс шықпауы мүмкін.
  • Кей ата-ана бала дүниеге келгеннен кейін оған немқұрайлы қарайтыны тағы бар. Балаға жеткілікті көңіл бөліп сөйлеспесе, бала жас ерекшелігіне сай дамымайды.
  • Сонымен қатар, баланың теледидар, планшет немесе телефонның алдында көп уақыт өткізуі тілінің кеш шығуына әсер етеді. Гаджеттер басып алған заманда, бала еркін сөйлеуден қалып барады. Күні-бойы телефонға телмірген сәбимен ата-ана сөйлеспейді, салдарынан тіл құрылысындағы фонетика, лексика, грамматика жүйелері дамымайды. Ал ол өскен сайын, бұл кемшіліктердің қалпына келуі қиындай түседі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 7
Астана 5
Актау 11
Актобе 12
Атырау 12
Б
Балхаш 7
Ж
Жезказган 1
К
Караганда 6
Кокшетау 11
Костанай 12
Кызылорда -2
П
Павлодар 6
Петропавловск -7
С
Семей 6
Т
Талдыкорган 4
Тараз 10
Туркестан 13
У
Уральск -6
Усть-Каменогорск 9
Ш
Шымкент 1

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer