ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
20 декабря 2019 | 17:29

"Аласапыран атмосферада емес". Тоқаевтың митинг туралы пікірлері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында "Бейбіт жиындар" туралы заңның жобасы жайлы айтып берді. Мемлекет басшысы қоғамға да, мемлекетке де өз позициясын көпшілік алдында айтатындарға адекват қарайтын кез келгенін атап өтті. Жалпы Президент бұған дейін де елімізде болған шерулер жайлы пікірін білдіріп отыратын. Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының бұған дейін еліміздегі митингілер туралы пікірлерін жинақтады.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында "Бейбіт жиындар" туралы заңның жобасы жайлы айтып берді. Мемлекет басшысы қоғамға да, мемлекетке де өз позициясын көпшілік алдында айтатындарға адекват қарайтын кез келгенін атап өтті. Жалпы Президент бұған дейін де елімізде болған шерулер жайлы пікірін білдіріп отыратын. Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының бұған дейін еліміздегі митингілер туралы пікірлерін жинақтады.

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілер

Биыл 9-10 маусымда Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз митингілер өткен болатын. Нәтижесінде 500-ге жуық тұрғын ұсталды. Сол кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев митингіге шыққандармен ашық диалог құруға дайын екенін жеткізген еді.

"Иә, шынымен, Алматы мен елордада бір топ азамат наразылығын білдіру үшін наразылық шеруін өткізді. Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан қарасақ, Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан аталған әрекеттер заңсыз деп танылуы мүмкін. Елімізде бостандық бар ма деген мәселеге тоқталсақ, Қазақстанда бостандық бар", - деген еді Президент Ақордадағы баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы митинг кезіндегі полиция өкілдерінің іс-әрекеті жайлы да пікір білдірген еді. Президент құқық қорғау органдарына өздерін байсалды ұстауға тапсырма бергенін айтты.

"Олар шеру кезінде солай жасады. Болашақта да өздерін дәл осылай ұстайтын болады", - деді Президент.

Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды және кінәсіз азаматтар босатуға тапсырма берген еді.

"Қазақстанда митингілерге рұқсат беріледі"

Мемлекет басшысы 17 маусымда Euronews-ке берген эксклюзив сұхбатында Қазақстанда тұрғындарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтқан болатын. Президент елде саяси өзгеріске қалай қол жеткізуге болатынын Еуроодақ мүшелерімен кеңескенін мәлім етті.

Мемлекет басшысының айтуынша, қоғам қауіпсіздігіне "шығын келтірмеген" шеру қатысушылары мерзімінен бұрын босатылады. Ол митингке шыққан жастардың қазақстандық қоғамда өз орнын табуын алдағы мақсаты ретінде қойғанын айтқан еді. 

"Саяси мақсатым - жастарды билікке тарту, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге көмектесу. Шеру жасаған қозғалыстардың өкілдерін келіссөз жүргізуге дөңгелек үстелге шақырамыз, мәселелер көшеде тәртіпсіздік пен аласапыран атмосферада емес, осылай шешіледі", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Президент бұл мәселе жайлы 2 қыркүйекте жарияланған Жолдауында да атап өткен еді. 

"Жер сатылмайды, митингіге рұқсат, зорлық жазасы күшейеді". Тоқаев Жолдауында не айтты

Жолдауда Президент бейбіт шерулер ұйымдастыруға рұқсат беруді тапсырды. 

"Егер бейбіт шерулер заң бұзу мен халықтың мазасын алу мақсатында болмаса, шет жақтан емес, арнайы орын ұсынып, митинг өткізуге рұқсат беру керек. Конституцияға сай емес әрекеттер, бұзақылық акциялар заң аясында тоқтатылады", - деген еді Мемлекет басшысы. 

Балаларды митингіге алып барған ата-аналарға айыппұл салу

Президент 28 қарашада Ақорда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойғанын мәлімдеді. 

Аталған заң бойынша ата-аналар балаларын заңсыз митингіге қатыстырғаны үшін әкімшілік жазаға тартылады. Яғни, заң бойынша қазақстандықтарға балалрды митингіге қатыстыруға тыйым салынды. Бұл заңға Президент 28 қарашада қол қойды. 

Заң бойынша ата-аналарға айыппұл не 10 күнге дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. 

"Митинг мәдениетін қалыптастыратын уақыт келді"

  

Бүгін Мемлекет басшысы "Бейбіт жиындар" туралы заңның жобасы жайлы айтып, митингілерді ұйымдастыру принциптерін енгізуге кірісу керегін мәлімдеді. Бұл туралы Президент бүгінгі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтты. 

"Қоғамның сана-сезіміне митинг мәдениетін қалыптастыратын уақыт келді. Қоғамға да, мемлекетке де өз позициясын көпшілік алдында айтатындарға адекват қарайтын кез келді. Бұл шарасыздық, мұның барлығын мәжбүрлі емес, саналы түрде істеу керек. Бірақ митингілердің құқық қана емес, жауапкершілік екенін де түсіну қажет", - деді Тоқаев. 

Президенттің айтуынша, Жолдаудағы жоспарларды жүзеге асыру аясында бүгінде "Бейбіт жиындар" туралы заң қаралып жатыр.

Еске салайық, 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырылған еді. Ішкі істер министрлігінің өкілдерінің мәліметінше, қатысушылар билік органдарының заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарын орындамағандықтан, Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Алматы қаласына 23 адам полицияға жеткізілген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети