Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 февраля 2021 16:35

Әлеуметтік желіде былапыт сөзге тыйым: бұл заң Қазақстанға да керек пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay.com © Pixabay.com

Ресейде 1 ақпаннан бастап әлеуметтік желілерде былапыт сөз жазуға болмайды. Әйтпесе, пікір жазған адам емес, әлеуметтік желінің өзіне айыппұл салынады. Tengrinews.kz тілшісі Ресейдегі жаңа тыйым туралы баяндап, мамандардан Қазақстанда бұл тәжірибе қаншалықты керек екенін сұрап білді.


Ресейде 1 ақпаннан бастап әлеуметтік желілерде былапыт сөз жазуға болмайды. Әйтпесе, пікір жазған адам емес, әлеуметтік желінің өзіне айыппұл салынады. Tengrinews.kz тілшісі Ресейдегі жаңа тыйым туралы баяндап, мамандардан Қазақстанда бұл тәжірибе қаншалықты керек екенін сұрап білді.

Ресейде желідегі былапыт сөзге тыйым салынды

1 ақпанда Ресейде жаңа заң күшіне енді. Енді 500 мыңнан аса аудиториясы бар әлеуметтік желілерде, сайттар мен видеохостингтерде былапыт сөз қолдануға болмайды.

Жаңа заң бойынша, әлеуметтік желілер былапыт сөз жазылған жазбаларды тауып, оны өшіріп отыруға тиіс. Оған бір тәулік уақыт беріледі. Егер бір тәулікте жазба өшірілмесе, жазба авторына емес, әлеуметтік желінің өзіне айыппұл салынады. Заң талаптарына бағынбағандар 800 мыңнан 4 миллион рубльге дейін айыппұл арқалауы мүмкін.


© Pixabay.com 

Былапыт сөзден бөлек заңда бірқатар тыйым бар. Мысалы, экстремизге, суицидке, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, есірткі, алкоголь сату, онлайн-казино жарнамалау көзделген жазбалар да бір тәулікте өшірілуі қажет.  

"Біздің ойымызша, бұл желіде тәртіп орнатудың ең тиімді тәсілі. Тыйым салынған ақпаратты бақылау мен іздеу бойынша мемлекеттен көрі сол платформаның техникалық мүмкіндігі көп", - дейді заң жобасы авторларының бірі, Мемлекеттік Дума депутаты Сергей Боярский.


© Pixabay.com 

Бірақ бұл заң әзірше тиімді болмай тұр. Себебі РБК мәліметінше, заң күшіне енгеннен бастап желідегі былапыт сөздер саны, керісінше, көбейген. "Медиалогия" есебі бойынша, 1-2 ақпанда "ВКонтакте", "Одноклассники", Facebook, Twitter, Instagram желілерінде ресейліктер былапыт сөз қолданылған 646,1 мың жазба жариялаған.

Қазақстанда мұндай тыйым қажет пе?

Әлеуметтанушы Мақсат Жақаудың айтуынша, Қазнетте де мұндай тыйымның зияны болмайды.

"Әлеуметтік тұрғыдан алғанда бір нәрсені түсініп алу керек - қазіргі азаматтық қоғамның бейнесі әлеуметтік желіге ауысты. Егер азаматтық қоғамды, тиісті әкімшіліктік жауапкершілікті реттейтін нормалар болса, ендеше неге оны әлеуметтік желіде де қарастырмасқа?! Мәселе осында, біздің елімізде Ата заң азаматтың бүкіл ар-ожданынан бастап, қоғамдық мәртебесін қорғайды. Осы тұрғыдан алғанда бұл реттеулер, менің пайымдауымша, керек нормалар. Одан ұтылар жеріміз жоқ. Кей азамат өз пікірін білдіргенде жеке басқа тиісіп, оның отбасын, әлеуметтік статусын балағаттап жатады. Бұл адами жағынан өте лас әрекет. Сол себепті кез келген қоғамдағы кереғар әрекетке өз жауапкершілігін орнату керек", - дейді әлеуметтанушы.


© РИА Новости 

Оның пікірінше, Ресейдегі заңнаманың зиянынан гөрі пайдалы тұстары көп.

"Зиянды тұсын айтқанда еркін пікір мен ойға тыйым салынады деген дәйектер келтірілуі мүмкін, мен мұнымен келісемін. Бірақ бұл заңда тек былапыт сөз қаралмаған. Егер қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекеттік төңкеріске, жершілдік пен анайы қылықтарға насихатталмаған пікірлер болса, оны анықтайтын республикалық филологиялық сараптау институттары бар, арыз-шағым беру арқылы жеке азаматтан немесе арнайы құзырлы органнан тексертіп алу керек", - дейді ол.


© Pixabay.com 

Оның айтуынша, бұл заңның саяси астарынан көрі әлеуметтік жағы басым.  

"Негізі аузым бар екен деп оңды-солды сөйлей беруге де болмайды. Желіде былапыт сөздер жазып, біреудің ар-намысына тиетін сәттер көп. Оның үстіне, бұл заңның тек былапытқа тыйым деген жерін көрмеу керек. Ресейдің жаңа өзгерістерінде саяси астарынан гөрі әлеуметтік жағы басым тыйымдар бар. Бұл жасөспірімдік порнографияны таратуды шектеу, лаңкестік әрекеттерді насихаттатпау, қоғамда дүрбелең жасамау, негізсіз айыптарға жол бермеу сияқты. Осының бәрін ескеру керек", - дейді Мақсат Жақау.

Ал блогер Олжас Оқас желіде былапыт сөздер қолдануға тыйым салу нәтиже бермейтінін айтады.

"Меніңше, әлеуметтік желіде әр адам өз пікірін, ойын түрлі формада, түрлі сөзбен жеткізуге құқылы. Тек біреудің ар-намысына тимеу керек. Әйтпесе, барлық былапыт сөзге бөгет болу орынсыз. Бұл заң Ресейде жұмыс істемей, былапыт сөз көбейгенін оқығанмын. Қазақстанда да тура солай болады деп ойлаймын. Әркімді бақылап отыру мүмкін емес. Ресейлік биліктің мақсаты тек ауызға қақпақ болу ма? Меніңше, бұл заң көмектеспейді. Есірткі сату, алкоголь сатуға тыйымдар бар. Бұл тыйымдар қаншалықты тиімді болатынын алдағы уақытта көре жатармыз. Ал әзірше заң күшіне енген екі апта ішінде қатты өзгеріс байқай қойған жоқпын", - деді блогер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети