Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 июля 2020 17:57

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан 6 адам сотталды - ІІМ

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dsnews.ua Фото: dsnews.ua

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди биыл жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 6 адам сотталғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди биыл жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 6 адам сотталғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі парақшаларда жалған мәлімет таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"Биыл бұл мәселе өзекті болып тұр. Елімізде төтенше жағдай режимі енгізіліп, 11 мамырда ол аяқталғанына қарамастан біз әлеуметтік желіде мониторингті белсенді жүргізіп отырмыз. Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сараптама тағайындалды. 86 қылмыстық іс қозғалды, 6 адам сотталды. Қылмыстық кодексте жаза анық жазылған", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети