ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
22 января 2021 | 10:51

Алимент төлемеген қазақстандықтардан былтыр 76 жылжымайтын мүлік өндірілді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: bankist.ru Фото: bankist.ru

2020 жылы сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындауында 5 миллионнан аса атқарушылық құжат болды. Бұл туралы әділет вице-министрі Алмат Мадалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2020 жылы сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындауында 5 миллионнан аса атқарушылық құжат болды. Бұл туралы әділет вице-министрі Алмат Мадалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өндіріп алушылардың пайдасына 7 триллион теңге сомасынан асатын атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Атқарушылық іс құжаттардың орындалуы 69,9 пайыз болды. Осылайша, министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторлары орындалды. Алимент санатындағы борышкерлердің 76 дана жылжымайтын мүлігінен және 62 дана көлік құралдарынан берешек өндіріліп алынды", - деді Алмат Мадалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Айта кетейік, борышкерлер алимент төлемеген жағдайда сот орындаушылар қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс бере алады. Ал, қудалау органдары іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауын басшылыққа алып, істі жүргізбейді. Сонда екі заң бір-біріне қайшы келіп, борышкерлер қылмыстық жауапқа тартылмай қалады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұхтар Жұмағазиев айтып, Әділет министрлігінің өкілдерінен себебін сұраған болатын. Депутат 2020 елімізде төленбеген алимент 6 миллиард теңгеден асқанын айтқан еді.

Сондай-ақ ОКҚ өткен брифингте әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанда алимент төлемейтіндермен күрес қалай жүріп жатқанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 488.27   530.83   5.01 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети