Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 июня 2021 14:05

Алматы "жасыл" аймақта. Қандай шектеулер алынады?

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, өңірдің бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қандай карантин шектеулері алынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, өңірдің бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қандай карантин шектеулері алынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Алматы бір аптадан бері "жасыл" аймақта, осыған байланысты бірқатар карантин шектеуі жеңілдетіледі. Жандарбек Бекшиннің айтуымен бірқатарын ұсынамыз, қаулыға бүгін қол қойылып, толық мәтіні жарияланады. Бекшиннің айтуынша:

  • Шаралар екі блокқа бөлінеді: Ashyq жобасына қатысатын нысандар мен қатыспайтындар.
  • Супермаркет, азық-түліктік емес дүкендер, азық-түлік сататын және азық-түліктік емес базарлар, жабық базарлар бұл жүйеге қатыспайды. Алайда аурудың таралу деңгейін ескере отырып, оларға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
  • Мектепке дейінгі мекемелер де Ashyq жобасына қатыспаған, десек те қазір олар да шектеусіз жұмыс істеп жатыр, бірақ топтарды біріктіріп, шаралар ұйымдастыруға тыйым салынған және бұл шектеулер сақталады.
  • Кеңседе жұмыс істейтіндерге қатысты: қала "сары" аймақта болғанда 50 пайызына ғана кеңседен жұмыс істеуге рұқсат берілген, енді 70 пайызына рұқсат етіледі.
  • Діни нысандарда 30 пайыз толымдыққа рұқсат беріледі, әр адамға берілетін аумақ 4 шаршы метрден кем болмауы керек.
  • Қоғамдық тамақтану орындары бойынша - егер мекеме Ashyq жобасына қатысқан болса, 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, толымдығы - 50 пайыз, бірақ 70 орыннан аспауы керек. Егер Ashyq жобасына қатыспаған болса, барлық шарт осындай, бірақ 50 орыннан аспауы керек.
  • Фудкорттар 30 пайыз толымдықпен және түнгі сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеген болатын, енді олар шектеусіз жұмыс істейді.
  • Асханалар да Ashyq жобасына қатыспаған, десек те олар да тәулік бойы шектеусіз жұмыс істей алады.
  • Моншалар шектеусіз жұмыс істеп жатыр, бірақ олар Ashyq жобасына енгізілмеген. Сауна, СПА орталықтары мен бассейндер де шектеусіз жұмыс істеп жатыр.
  • Кинотеатр, театрлар мен концерт залдары Ashyq жобасына қатысқан болса 50 пайыз толымдықпен жұмыс істейді, егер Ashyq жобасында жоқ болса 30 пайыз толымдықпен ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Коронавирус жұқтырғандар карантин талабын бұзса, айыппұл қалай салынатыны айтылды

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети