Алматы полициясы жол ережесін өрескел бұзған қызыл нөмірлі көлік иесін іздестіріп жатыр

17 Сәуір, 18:29
11
Видео кадры
Видео кадры

Алматы полициясы жол ережесін өрескел бұзған қызыл нөмірлі көлік иесін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті. 

"Аталмыш жүргізушіге қатысты шаралар заңның шеңберінде міндетті түрде қолданылатын болады. Қазіргі таңда тексеріс жұмыстарын Жергілікті полицияға қарасты Жол-патрулдік полициясы Полкінің қызметкерлері жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Әзірбек.

Еске салайық,  видеоны редакцияға жолдаған оқырманның айтуынша, оқиға Алматыда бүгін, 17 сәуірде Әуезов - Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Роликте дипломатиялық нөмірлі Lada Largus көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолмен жүріп, оған қарсы келген көлік жүргізушісімен жанжалдасады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (11)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц