Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 мая 2020 17:17

Алматыда 25 мамырдан бастап қандай мекемелердің жұмысы жанданады?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин қалада халыққа қызмет көрсету орталықтары мен базарлар жұмыс істей бастайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин қалада халыққа қызмет көрсету орталықтары мен базарлар жұмыс істей бастайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"25 мамырдан бастап қалада халыққа қызмет көрсету орталықтары, азық-түлік базарлары мен әмбебап базарлар санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келген жағдайда, олардың қызметіне қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, арнайы комиссия базарлардың жұмысын тексереді.

"Базарларға алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуі қажет. Олардың біздің комиссияға немесе аудандық әкімдіктерге өз өтініштерін бере алады. Кейін СЭС мамандары бірігіп, осы объектілерді тексереміз. 25 мамырдан бастап, оларға жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі", - деді Еркебұлан Оразалин.

Ол дүйсенбіден бастап, 5 арнайы Халыққа қызмет көрсету орталы, 2 көші-қон бойынша қызмет көрсету орталығы және 2 цифрлық қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастайтынын жеткізді.

"Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасына көшуге байланысты нысандар эпидемияға қарсы барлық: санитарлық режимді қатаң сақтау, арақашықтықты сақтау және адамдар легін реттеу секілді шараларды сақтауы қажет", - деді басшы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети